САЙЛАУ

 

Құрметті студенттер!

15-17 ақпанда ҚарИУ Студенттік парламент Президентінің сайлауы өтеді.

ҚарИУ Студенттік парламент Президентінің лауазымына оқу пәндері бойынша жақсы баға алған, лайықты мінез-құлық танытқан, университет өмірінде белсенді 1-2 курс студенттері үміткер бола алады.

Кандидаттардың өтінімдері 1-10 ақпан аралығында қабылданады. Өз кандидатураңызды ұсыну үшін 2023 жылдың 10 ақпанына дейін  kariu.kdm@mail.ru электронды поштасына екі тілде (қазақ, орыс) келесі ақпаратты ұсыну қажет:

  • Өзіңіз туралы қысқаша ақпарат (аты-жөні, фото (жақсы сапада), курс және факультет) (1 бет);
  • Студенттік Парламенттің оқу жылына арналған бағдарламасы (сіз университетте Студенттік Парламенттің президенті ретінде не істегіңіз/өзгерткіңіз келеді және Университет қабырғасында жүзеге асырғыңыз келетін жоба); (1 бет)
  • жетістік (грамоталар, алғыс хат)

* ақпарат Times New Roman 14 шрифтімен ресімделуі керек

Студенттік Парламент Президентінің сайлауында дауыс беру 15-17 ақпан аралығында телеграмм қосымшасы каналы арқылы өтеді. Сайлау қорытындысы 18 ақпанда белгілі болады.


Просмотров: 1  676