ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Қарағанды индустриялық университетінің ұйымдастыруымен оқу ордамызда Теміртау қаласы экологиялық проблемаларын шешу, адам денсаулығына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне әсерін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шараға "АМТ" АҚ мен "ТЭМК" компаниясы, университетіміздің ғылым докторлары, аға оқытушылар, қалалық маслихат депутаты Елена Варганова, ТОО «Bassel Group LLS» және жаңадан құрылған «Байтақ» партиясының өкілдері қатысты. Отырысқа қатысушылар кезек-кезек сөз алып, қаланың қоршаған ортасына қатысты өзекті деген  мәселелерді көтерді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар, қаламыздың экологиялық жағдайын жақсарту бағдарламасын әзірлеу мақсатында Теміртау қаласының әкімдігімен байланыс орнату, сондай-ақ, облыс бойынша экология департаментіне қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі жұмысты үйлестіруге шаһарымызға жұмыс істеу үшін уәкілетті өкілді жіберумен қатар, оқу ордамыздың химиялық технология және экология кафедрасы ҚарИУ студенттеріне, жалпы қала тұрғындарына экологиялық білім беру мақсатында тақырыптық апта өткізуді ұйымдастыратын болып тарқасты.