СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

Қарағанды индустриалды университетінің базасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.А. Арыстанбековтың Теміртау қаласының кәсіпкерлерімен ашық диалогы өтті. Жиында ҚАРИУ Басқарма Төрағасы- ректор Болатбек Абдрасилов сәлемдесу сөзін сөйледі.

ҚР-дағы жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының президенті В. А. Быков кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін кәсіпкерлердің жұмысы кезінде туындайтын проблемалар туралы айтты. Диалог өте жемісті өтті,   ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары  А.А. Арыстанбеков кездесу барысында екіжақты пікір алмасуды мұқият тыңдап,  проблемаларды шешудің жолдары  бойынша түсіндірмелер жүргізді.


Просмотров: 1  568