ФУТБОЛ ЖӘНЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАРИУ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

 

ФУТБОЛ ЖӘНЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАРИУ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

13 наурыз күні Қарағанды индустриялық университетінің спорт кешенінде студенттер арасында спорттық жарыс өтті. Жарысқа Политехникалық колледж, Мирас, №13, №31 колледждері және ҚарИУ студенттері қатысты.

 

Сайысқа қатысушылар алдында КарИУ ректоры, биология ғылымдарының докторы, академик Болатбек Абдрасилов құттықтау сөз сөйледі. Ол спортшыларға батылдық пен жігерлілік және сайыстың тартысты өтуін тіледі. Спорт ойындары олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Финалға өткен командалар кезкпе-кезек бір-бірімен ойнады. Волейбол сайысында 1 орынды Қариу командасы алса, 2 орынды  Политехникалық колледж, 3 орынды  Мирас колледжі иеленді. Турнирдің үздік ойыншысы – Лавринюк Максим TFP-22s тобының студенті. Футбол сайысында да 1 орынды Қариу, 2 орынды Политехникалық колледж, 3 орынды  № 31 училище еншіледі. Мелдешов Кожагелди Футбол турнирінің үздік ойыншысы деп танылды. Барлық жүлдегерлер грамоталар, кубок, медальдармен және жүлделі сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш сайыспен қатар ҚАРИУ қыздары арасында жалпы дене шынықтыру бойынша жарыстар өтті. Қыздар «Секіргіш» және «Шеңбер» номинациялары бойынша бақ сынады. Екі жаттығудың қосындысы бойынша ТФП-21-1к тобының студенті Күзембаева Аққамар 1 орын, ТФП-22-2к тобының студенті Кеңесбек Алуа 2 орынды, ПЭиПБ-21к тобының студенті Өсер Аружан 3 орынды иеленді.

 

Сондай-ақ, 12 наурызда спорт кешенінің үлкен залында Теміртау қаласының білім алушы жастары арасында баскетболдан қалалық турнир өтті. Жарысқа төрт команда қатысып, орындар келесідей бөлінді:1 орын № 1 гимназия, 2 орын КарИУ, 3 орынға Классикалық лицей ие болды. Жүлдегерлер грамоталармен және кубоктармен марапатталды.


Просмотров: 1  185