НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ

 

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ

 

17 наурызда Қарағанды индустриялық университетінің ұйымдастыруымен Теміртау қалалық Мәдениет сарайында Наурыз мерекесіне арналған концерт өтті. Оқу ордамыздың ректоры Болатбек Абдрасилов қала жұртшылығын  Наурыз мерекесімен құттықтады.

Осы кештің тағы бір ерекшелігі ұлттық дәстүріміз ұлықталып, университетімізді бітіріп кеткен түлектер  Батырбек Әлібек пен Смайл Арайлым баласының тұсаукесер рәсімін жасады. Сәбидің тұсауын кесу аяғын тез басып, елгезек болсын деген ырыммен Болатбек Абдрасиловқа бұйырған екен. Іс-шарада бастан аяқ Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік өнерпаздары көрерменге мерекелік көңіл-күй тарту етіп, үздік шағармаларын орындады. Қазақ ән-күйлерін ерекше леппен тыңдарман жүрегіне ұсынды. Айта кету керек, биыл оқу ордамыздың құрылғанына 60 жыл толады. Жыл басы, әз Наурыздың тойлануы осы жылы университетімізде болатын шаралардың, мерейлі сәттердің бастауы болады деп білеміз!


Просмотров: 955