«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ»

Химия технологиясы және экология кафедрасы оқытушылары Мереке Ә.Ж. және PhD Рахметова А.А. ұйымдастыруымен әдістемелік апта аясында "Төтенше жағдай кезіндегі оқытушылар мен студенттердің іс-әрекеті" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар бірінші кезекте «Төтенше жағдайларға қалай дайындалу керек» атты видео роликті тамашалады. ПЭиПБ-21к тобының студенттері әр қайсысы слайд көрсету арқылы төтенше жағдайларға байланысты тақырыпта сөз қозғады. Террористік, жер сілкінісі, өрт, су тасқаны жағдайында қауіп төнгендегі іс-әрекеттер, қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы және өрт қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі кезіндегі эвакуациялық және қауіпті ескерту белгілерімен таныстырылды. Дөнгелек үстел барысында осы тақырыптарға байланысты қатысушылар сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісіп отырды.