Хабарландыру

 

«Қарағанды индустриалды университеті» КЕАҚ нысанды мүліктік жалдауға (жалға алуға), Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30 мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 121,0 ш. м. жаңа корпус асханасының үй-жайына беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды, нысаналы мақсаты «Қариу» КЕАҚ білім алушылары мен қызметкерлері үшін тамақтандыру объектісін (асханасын) ұйымдастыру, мерзімі бір жылға.

Бір шаршы метр үшін ең төменгі құны 1700 (бір мың жеті жүз) теңге.

Жалға алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жалға алушы кепілдік төлемін енгізеді, оның мөлшері шарт бойынша бір айлық жалдау ақысы мөлшерінде белгіленеді және 205 700 (екі жүз бес мың жеті жүз) теңгені құрайды.

Кепілдік төлем жалдаушының шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету ретінде Шарттың барлық қолданылу кезеңінде «КарИУ» КЕАҚ-ның иелігінде болады.


Просмотров: 2  203