ҚарИУ-да «ТАЗА СЕССИЯ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

 

ҚарИУ-да «ТАЗА СЕССИЯ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

ҚарИУ-дағы жазғы емтихан сессиясы кезінде ЖОО басшылығы, студенттік парламент, «Саналы ұрпақ» студенттік клубы, Жастар ісі жөніндегі комитет, Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті комплайнс офицермен бірлесіп «Таза сессия» кең ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясын ұйымдастырды.

Акцияның негізгі мақсаты-студенттердің құқықтық санасы мен белсенді азаматтық ұстанымын, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзушылықтар көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, парақорлықпен ұстау мақсат емес. «Таза сессия» акциясы бастамашыларының басты мақсаты-білім алып жатқан студент жастарға сыбайлас жемқорлық деген не және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндіру.

Қарағанды индустриялық университетінің басшылығы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу ісіне белсенді қатысуға, сондай-ақ «Таза сессияның» өткізілуін бақылауға және сапалы білім алу құқықтары шеңберінде әділдікке қол жеткізуге шақырады.


Просмотров: 1  805