Хакатон 25-27 қараша аралығында Қарағанды индустриялық университеті базасында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты тау-кен металлургия кешенінің проблемалық мәселелері, университеттер мен ҒЗИ-дың бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылы, Қазақстан Республикасының жоғары білімі мен ғылымын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде елімізде ғылыми кадрлар даярлау тұрғысынан Қарағанды өңірінде ғылымды дамыту мәселелерін талқылау.
Іс-шара өндіріске енгізілетін ғылыми жобалар көрмесінен басталды: грант иегерлері өздерінің табысты жобаларын таныстырып, олардың өндірістік процестерге қалай жүзеге асырылғанын көрсетті. Бір платформада Қазақстандағы ең ірі «QARMET» АҚ металлургиялық кәсіпорны үшін ғылыми топтардың, өндірістік саланың және басқарушылардың өкілдері бірлесіп іздестіру және ғылыми-технологиялық шешімдерді әзірлеу үшін жиналды. Хакатон қатысушылары ғылыми әзірлемелердің нақты инновациялық өнімдер мен технологияларға айналу процесімен танысу мүмкіндігін алды.
Хакатонның бірінші күнінде «QARMET» АҚ дамуының ағымдағы және перспективалық сын-қатерлерін талқылауға және ғылыми міндеттерді тұжырымдауға арналған дөңгелек үстелдер өтті. Хакатонның нәтижесі Хакатон бағыттары бойынша прототиптер мен жобалық шешімдердің тұсаукесері болады.