Конкурстық хабарландырулар

«ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

ПРОФЕССОРЛЫ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ профессорлы-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына халықаралық және республикалық конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе hr@tttu.edu.kz электронды поштасы арқылы сканерленген нұсқада жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау аяқталатын күн мен уақыт: 31 қантар 2024 ж., сағат 18.00 дейін.

Конкурс өтетін күн кейінірек хабарланады. Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 30, 222 бөлме, Персоналды басқару қызметі.

Телефон: 8(7213) 91-42-66

Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департаменті

р/с

Бос лауазым

Бос лауазым бірлігі

Үміткерге қойылатын талаптар кандидатам

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім секторының жетекшісі

1

- білімі жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. Кадр есебі бойынша жеке парақша (3 фото).

2. Жеке куәлік көшірмесі.

3. Өмірбаян.

4. Жоғары білім және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы куәлік және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар.

5. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар.

6. Ғылыми жарияланымдар мен патенттердің расталған тізімі (бар болса).

7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген У075 нысанындағы медициналық анықтама, вакцинация паспорты.

8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы берген жазбалар туралы ақпараттың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Мемлекеттік тіркеудің нормативтік құқықтық актілерінің тізілімі №11304) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының №1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының жоқ екендігі туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы.

10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің №11304) бекітілген «Нейропсихиатриялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына №1 қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушының тіркелмегені туралы жүйке -психиатриялық ұйымның анықтамасы.

11. Профессорлы-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға қатысты конкурсқа өтініш берушінің қатысушының оқыту пәндеріне арналған презентациясы (электронды түрде, 10 слайдтан аспайтын) немесе кафедра меңгерушінің лауазымына қатысты үміткерлер үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты презентациясы.

12. Білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат (басшылықтың алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстары және т.б.).

13. Құжаттарды онлайн тапсыру кезінде құжаттардың сканерленген көшірмелері ұсынылады, салыстыру үшін барлық құжаттардың түпнұсқалары да университетте сұхбаттасу кезінде конкурсқа ұсынылады.

Конкурсқа қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар:

Қарағанды индустриялық университетінің ғылыми-педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары туралы ережеге сәйкес (www.tttu.kz).

Конкурс: Қарағанды индустриялық университетінің профессорлы-оқытушылық құрамына мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық негізде қабылдау ережесіне сәйкес (www.tttu.kz) жүзеге асырылады.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 101400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30, Персоналды басқару қызметі (222 бөлме). Телефон: 8(7213) 91-02-40