Оқу-әдістемелік қызмет

Сиверская

ТАТЬЯНА ИВАНОВНА

кафедра меңгерушісі
техника ғылымдарының магистрі
аға оқытушы


Телефон: +8(701) 465 58 18
E-mail: energy@tttu.edu.kz
г. Темиртау, пр. Республики 30,
негізгі корпус,
кабинет 1-235, 1-230, Н-102
Facebook, Instagram


Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы бакалавриат және магистратура мамандықтары үшін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде келесідей оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын атқарады:

пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және қайта өңдеу;

пәндердің электронды оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және қайта өңдеу;

курстық, зертханалық, практикалық жұмыстарды және студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқауларды әзірлеу және қайта өңдеу;

силлабустарды әзірлеу және қайта өңдеу;

ISBN және © индекстеріне ие оқу құралдарын, оқулықтарды және монографияларды жарыққа шығару;

электронды әдістемелік материалдарды және виртуалды зертханалық жұмыстарды әзірлеу;

тестілік материалдар мен білімді бақылауға арналған материалдарды әзірлеу және қайта өңдеу;

дәріс конспектілерін әзірлеу және қайта өңдеу.

Оқу-әдістемелік құжаттамаларды кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әзірлейді, ол кейін кафедра отырыстарында талқылаудан өтеді, факультет деканымен, академиялық саясат жөніндегі директормен келісіледі және академиялық мәселелер жөніндегі проректормен бекітіледі.