«Энергетика» кафедрасы

Камарова

Сауле Нуртазаевна

кафедра меңгерушісі
PhD,аға оқытушы


Телефон:+7 700 341 71 90
E-mail: energy@tttu.edu.kz
г. Темиртау, пр. Республики 30,
негізгі корпус,
кабинет 1-230, 1-235, Н-102
Facebook, Instagram


1972 – ҚМК жанындағы Зауыт-ЖТОО-ның «Физика» кафедрасының «Жалпы электротехника» секциясы (секция меңгерушісі доцент м.а. Әбдібаев М.А.).

1976 – «Жалпы электротехника және электр жабдықтары» кафедрасы (меңгерушісі тех.ғ.к. Қасылқасов Ж.М.). «Электр машиналары», «Электр тізбектері» және «Электр жетегі» зертханалары құрылды.

1988 – «Электр жетегі және электротехника» кафедрасы болып қайта аталды. Кафедра меңгерушісі тех.ғ.к. Супруненко В.В.

1993 – кафедра меңгерушісі аға оқытушы Сивякова Г.А. «Автоматтандырылған электр жетегі» зертханасын құрылды.

1997 – «Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру» жаңа мамандығы ашылды. «Электр жетегі және технологиялық процестерді автоматтандыру» кафедрасы болып аталды.

2008 – «Электр энергетикасы және техникалық жүйелерді автоматтандыру» кафедрасы болып аталды.

2017 – «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасы болып бірікті. 5В071800 «Электр энергетикасы», 5В070200 «Автоматтандыру және басқару», 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В071700 «Жылу энергетикасы» төрт мамандығы бойынша бакалаврларды даярлады. Кафедра меңгерушісі Ющенко О.А.

2019 – Бакалавриат жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқуға көшті: 6В06101 - Бағдарламалық инженерия, 6В07106 - Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы, 6В07105 - Өнеркәсіптік нысандарды энергиямен қамтамасыздандыру, 6В07104 (6В07111) - Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының жылу энергетикасы. Кафедра меңгерушісі Қонақбаева А.Н.

2020 – «Энергетика» кафедрасы болып аталды.

2020 – 7M07112 - «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура ашылды.

2022 – Қазақстан Республикасының 8 жоғары оқу орны арасында «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылу энергетикасы» қолданбалы бакалавриаты бойынша пилоттық жобаға қатысты. Кафедра меңгерушісі Леликова О.Н.

2023-кафедра меңгерушісінің м. а. магистр, аға оқытушы Сиверская т. и.
Қазіргі уақытта кафедраны Сауле Нуртазаевна Камарова басқарады.

«Жылу энергетикасы» секциясы

1989 – «Металлургиялық жылу техникасы және еңбекті қорғау» кафедрасының базасында 22.04 «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» жаңа мамандығы ашылды, кафедраны тех.ғ.к. Говоров В.И. басқарды.

1991 – кафедра жаңа атаумен «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы және металлургиялық жылу техникасы» түлек-маман дайындаушы мәртебесіне ие болды.

2009 – кафедра «Жылу энергетикасы» секциясы ретінде «Құрылыс» түлек-маман дайындаушы кафедра ұжымының құрамына кірді.

2017 – «Жылу энергетикасы» секциясы «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының құрамына кірді.