«Технологиялық машина және көлік» кафедрасы

 

НОГАЕВ
КАЙРОШ АБИЛОВИЧ

кафедра меңгерушісі
техника ғылымдарының кандидаты


Телефон: +7 (7213) 907 904 қос. 106 (каф.),
+7 (700) 410 91 76 (моб.)

E-mail: k.nogayev@tttu.edu.kz,
tmt@tttu.edu.kz

Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30,
жаңа корпус, 106, 108
кабинет
Facebook, Instagram


«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы терең теориялық және практикалық дайындығы бар, өндіріс пен көліктің әртүрлі салаларындағы машиналар мен жабдықтарды жобалау, салу және пайдалану бойынша мықты кәсіби білімі, іскерлігі мен дағдылары бар инженерлік-техникалық мамандарды даярлау аясында ғылыми-білім беру қызметін жүзеге асыратын университеттің маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының қалыптасу тарихы оған дейін болған «Металлургиялық машиналар және жабдықтар» (бұрынғы атауы «Металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары» кафедрасы) және «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың механикалық жабдықтары» (бұрынғы атауы «Құрылыс және жол машиналары» кафедрасы) кафедраларының тарихымен тығыз байланысты.

«Металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары» кафедрасы (кейіннен «Металлургиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы) 1975 жылы құрылды және алғашқы 16 инженер-механик түлектерді дайындап шығарды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі қызметін 1978 жылға дейін т.ғ.к. Кривобоков Владимир Николаевич атқарды. Әр жылдары кафедраны доцент Бурдов Алексей Иванович (1978 ж.), т.ғ.к. Илькун Владимир Иванович (1978-1983 жж., 2000-2001 жж.), т.ғ.к. Атаманов Виктор Федорович (1983-1996 жж.), т.ғ.д. Ичев Борис Рускович (1996-1998 жж.), т.ғ.к. Киманов Болат Мажитович (1998-2000 жж.), т.ғ.к. Кузнецов Борис Сергеевич (2001-2005 жж.), т.ғ.к. Изместьева Ольга Алексеевналар (2005-2006 жж.). басқарды.

1998 жылы «Металлургиялық машиналар және жабдықтар» (ММ және Ж) кафедрасы мен  «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың механикалық жабдықтары» кафедрасымен (бұрынғы атауы «Құрылыс және жол машиналары» кафедрасы) біріктірілді және бұл кафедраны әр жылдары доцент Бурдов Алексей Иванович, т.ғ.к. Петин Юрий Петрович,  т.ғ.к. Крюков Александр Александрович, к.т.н. Попов Владимир Григорьевич, к.т.н. Винник Анатолий Федорович, т.ғ.к. Вернер Александр Оскарович, т.ғ.к. Орынбасаров Амангельді Сатыбалдиевичтер басқарды.

Біріктірілу нәтижесінде кафедра металлургиялық бейіндегі механиктерді ғана емес, көлік саласы мен құрылыс индустриясына да мамандар даярлай бастады. Дайындық бағыттарының кеңейтілуіне орай 2008 жылдан бастап кафедра атауы «Технологиялық машиналар және көлік» болып өзгертілді. 2006 жылдан бастап кафедраны т.ғ.к. Ногаев Кайрош Абилович басқарады.

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы қолданыстағы санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес келетін және оқу жоспарында қарастырылған теориялық және практикалық дайындықтың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімді орындалуын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаға (аудиториялық қор, компьютерлік сыныптар, зертханалар, аспаптық қамтамасыздандыру, қор материалдары) ие.

Қазіргі уақытта кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар дайындайды.

Кафедра түлектері басқарушылық және басшылық лауазымдарды қоса алғанда өнеркәсіпте, ғылымда және бизнесте әртүрлі лауазымдық қызметтерді атқарды.