“Жалпы білім беру пәндері” кафедрасы

КАПАШЕВА
ЖАНИЯ КУДАЙБЕРГЕНОВНА

Кафедра меңгерушісі м.а.

Гуманитарлық ғылымдар магистрі аға оқытушы


Телефон: 90 79 04 (148)
E-mail: zh.kapasheva@tttu.edu.kz
Республика даңғылы, 30,
Жаңа корпус,
кабинет 409
Facebook, Instagram


«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы 2021 жылы «Жаратылыстану пәндері»  мен «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедраларын біріктіру арқылы құрылды.

«Қазақ, орыс және шетел тілдері» секциясы

1963 – «Шетел тілдері» кафедрасы құрылды (меңгерушісі Дядюкова И. И.)

1991– кафедра «Қазақ және орыс тілдері» (меңгерушісі Айтбаева М. Ж.) және «Шетел тілдері» (меңгерушісі Черемных Л. С.) кафедраларына бөлінді.

1969-1976 жылдары кафедраны  Залесский И.И., Мұқанова Т.Н., Станович О.Н., Садықов М.С. басқарды.

1996 – «Қазақ, орыс және шетел тілдері»  кафедрасына біріктірілді. (меңгерушісі п.ғ.к., доцент Байбусанова З.Е.)

2001-2011-кафедраны М. К. Баймбетова басқарды.

2011– кафедра «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының құрамына енді (меңгерушісі с.ғ.к., доцент О. Н. Гуменчук, 2014-2017–  п.ғ.м., Хамитов С.Б.)

2017 – «Қазақ, орыс және шетел тілдері»  кафедрасы құрылды (меңгерушісі ф.ғ.к.,доцент Абдикарим Н.А.)

«Физика-математика» секциясы

1963 – «Жоғары математика және физика» кафедрасы құрылды (меңгерушісі Берестенко В. М.)

1967 – кафедра «Физика және электротехника» (меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Попандопуло  И. Л.) мен «Жоғары математика және теориялық механика» (меңгерушісі Бурыкин А. А., 1968 ж. - ф.-м.ғ.к.,доцент  Гофмейстер В. П.) кафедраларына бөлінді.

1971 - 1974 – «Жоғары математика және теориялық механика» кафедрасы «Жоғары математика» кафедрасы болып өзгертілді (меңгерушісі Шпакова В.Е.)

1974-1977  –  «Жоғары математика» кафедрасын ф.-м.ғ.к.,доцент  Ілиясов Ш. И., Смагулов Б.Т., ф.-м.ғ.к.,доцент  Нургожин Б.И., ф.-м.ғ.к., доцент Жанабеков Ж.Ж., т.ғ.к., доцент Бурдо А.И., п.ғ.к., доцент Кукало Л.И. басқарды.

1976  –  «Физика және электротехника» кафедрасы «Физика» және «Электротехника» кафедраларына бөлінді. 1980 жылға дейін «Физика» кафедрасын ф.-м.ғ.к.,доцент  Гофмейстер В. П. басқарды.

1999 –  «Физика» және «Жоғары математика» кафедралары «Физика және жоғары математика» кафедрасына біріктірілді (меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент  Мухамбетов Д.Г.)

1980-2001 жылдары «Физика және жоғары математика» («Физика және математика») кафедрасын ф.-м.ғ.к., доцент  Мухамбетов Д.Г., Тимохин В.М., Мингалеева А.М. басқарды.

2011  –   «Физика және математика» кафедрасы «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы, содан кейін «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану- пәндері» болып өзгертілді (меңгерушісі т.ғ.д,проф. Яворский В. В.)

2013  –  Кафедра «Жаратылыстану пәндері» болып өзгертілді (меңгерушісі Яворский В. В., 2018 ж. – ф.-м.ғ.к., доцент  Хуанбай Е. Х.)

2019 – кафедра «Жалпы білім беру пәндері» болып өзгертілді.

2021«Қазақ, орыс және шетел тілдері» мен «Жалпы білім беру пәндері» кафедралары біріктіріліп, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы деп аталды (меңгерушісі х.ғ.к.,доцент Махмутов Б.Б., 2022 ж. –Мырзаханова А.Т., 2023 ж. – г.ғ.м., Капашева Ж.К.).

2023-2024 оқу жылында кафедрада 4 ғылым кандидаты,  1PhD, 9  ғылым магистрі мен 8  аға оқытушы қызмет етеді.

Кафедрада 4 оқу зертханасы, 2 мамандандырылған аудитория, 3 компьютерлік сынып, 10 оқу кабинеті бар.

Кафедра пәндері: Орыс тілі, Кәсіби орыс тілі, English, Professional English, Математика, Жоғары математика, Экономикадағы математика, Ықтималдық теориясы және математикалық статистика, Эконометрика, Статистикалық модельдеу әдістері, Физика, Құрылыс физикасы, Қолданбалы механика,Теормех, Сопромат. Пәндер  1-2 курста оқытылады.

Кафедра миссиясы –  кәсіптік-техникалық цикл пәндерін меңгеру үшін қажетті жалпыинженерлік құзыреттілікті, білік пен  дағдыларды қалыптастыру,сондай-ақ кәсіптік коммуникацияда тілдік құзыреттілікті дамыту.

Кафедраның стратегиялық мақсаты кафедраны жаратылыстану және лингвистикалық білім беру саласында ғылыми-зерттеу және педагогикалық мектеп ретінде қалыптастыра отырып, дамыту.