Тарихы

«Металлургия және машина жасау» факультеті 2017 жылы “Металлургия және құрылыс” факультетінен қайта құрылды. Мамандарды даярлау кредиттік оқыту жүйесіне сәйкес жүргізіледі. 2010-2012 жылдары факультет деканы т. ғ. к., доцент Танагузов Б. Т. болды. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап факультет деканы т. ғ. к. Смаилов С. А. болды., 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап доцент, т. ғ. к. Жамбалова г. г. декан болды., 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап факультетті доцент, т. ғ. к. Д. К. Мусин басқарды., 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап факультетті т. ғ. к., профессор Жамбалова г. г. басқарады.

Факультет құрамына 2021 жылдың 1 қыркүйегіне ұш кафедра кіреді:

  • «Металлургия және материалтану» кафедрасы (PhD докторы, Ержанов А.С.);
  • «Материалдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы каф. – PhD докторы, доцент Ахметова Г. Е.);
  • Химиялық технология және экология» кафедрасы каф. – х. ғ. к., доцент Кабиева С. К.);

Үш кафедра – «Металлургия және материалтану», «Материалдарды қысыммен өңдеу», «Химиялық технология және экология» шығарушы болып табылады. Факультет металлургия, машина жасау, химиялық технология және өнеркәсіптік қауіпсіздік бағыттары бойынша бакалаврлар мен магистрлерді, сондай-ақ металлургия және нанотехнологиялар бойынша докторантурада PhD докторларын дайындайды.

Қазіргі уақытта факультетте жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, олардың ішінде 4 ғылым докторы, 16 ғылым кандидаты, 8 PhD докторы, 12 ғылым магистрі.

Студенттер таңдаған мамандық бейіні бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіби, жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық сипаттағы пәндерді оқиды. Мамандық бойынша кәсіби дағдыларды студенттер қала және республика кәсіпорындарында практикадан өту кезінде алады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орындарында және елден тыс жерлерде (АҚШ, Испания, Чехия, Польша, Болгария, Германия және т.б.) оқуға мүмкіндік бар. Студенттерді оқыту үшін шетелдік мамандар шақырылады. Факультеттің үздік түлектері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, КСРО қара металлургия бұрынғы министрі, Ресей Федерациясының экс вице-премьері, қазіргі Ресейдің қаржы-өнеркәсіп топтарының президенті Олег Николаевич Сосковец.