«Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасы

ЧВАНОВА
АНАСТАСИЯ ОЛЕГОВНА

кафедра меңгерушісі
техника және технология магистрі,
аға оқытушы


Телефон: +7(701) 338 77 37
E-mail: a.chvanova@tttu.edu.kz
Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30,
бас корпус,
кабинет 245
Facebook, Instagram


1996 жылы «Металлургиядағы Автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығына алғашқы студенттер қабылданды, осыған байланысты «Автоматика, телемеханика және есептеу техникасы» кафедрасы құрылды, кафедра меңгерушілері әр жылдары М. К. Зейнешев, В. И. Барбаев болды.

2002 жылы осы мамандықтағы студенттердің алғашқы бітіруі өтті.

2009 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына лицензия алынды, сол жылы осы мамандық бойынша оқуға алғашқы қабылдау жүргізілді.

2012 жылы «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану–ғылыми пәндер» жаңа кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Яворский В.В.

2013 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бакалаврлардың алғашқы бітіру кеші өтті.

2020 жылы «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі PhD Кунаев Вячеслав Александрович болды. Кафедра «Бағдарламалық инженерия», «Жасанды интеллект технологиялары» және «Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды, «Автоматтандыру және басқару» бағдарламасы бойынша магистрлерді және «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша PhD докторларын дайындайды.

2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап кафедра меңгерушісінің міндетін аға оқытушы, техника және технология магистрі Чванова Анастасия Олеговна атқарады

Кафедра оқытушылары Cisco желілік академиясымен, Huawei, Kaspersky компанияларымен табысты ынтымақтасып, университет студенттеріне IT индустриясының түрлі бағыттары (аппараттық жүйелер мен желілерді құруға кіріспе, киберқауіпсіздік, заттар интернеті және т.б.) курстарында оқуға мүмкіндік береді. Курстарды сәтті аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Кафедра түлектері табысты кәсіби қызметтерде жұмыс істейді, басшылық лауазымдарды атқарады, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және компьютерлік желілерді жобалау саласында білікті мамандар болып табылады. Түлектермен өзара іс-қимылдың арқасында кафедраның білім беру бағдарламалары үнемі жаңартылып отырады. Түлектермен студенттердің кездесулері жыл сайын өткізіліп тұрады, онда түлектер өз тәжірибелерімен бөліседі және өз жұмыстары туралы әңгімелейді.