«Қазақстан тарих, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасы

 

Капбарова
Гульбану Махмутовна

кафедра меңгерушісі
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
аға оқытушы


Телефон: +8(775) 435 99 00
E-mail: g.kapbarova@tttu.edu.kz
Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30,
бас ғимарат,
кабинет 1-408
Facebook, Instagram


«Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасы ҚМИУ Ғылыми кеңесінің 2017 жылғы 30 маусымдағы шешімі негізінде құрылды. Бөлім құрылымында екі секция бар:

- «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар»;

- «Дене тәрбиесі».

Аталған секциялар бұрын жеке кафедралар ретінде және өзіндік тарихы, дәстүрлі   оқу-әдістемелік және ғылыми қызметінің бағыттары бар университеттің құрылымдық бөлімшелері болды.

«Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» секциясы жұмыс істеген уақытында бірнеше рет қайта құрылды. 1963 жылдың 1 қарашасында ҚМЗ зауытының негізінде ВТУЗ-дың құрылуымен  қатар мұнда «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасы құрылды, оны доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Зайцев Василий Яковлевич басқарған болатын.

1964 жылы желтоқсанда кафедраның атауы «Марксизм-ленинизм» кафедрасы болып өзгерді. 1968 жылы осының негізінде екі жаңа құрылым – «КОКП тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасы және «Философия және саяси экономика» кафедрасы құрылды.

«Философия және саяси экономика» кафедрасын 1973-1976 жылдары Сиянина Майя Михайловна, ал 1976 жылдан Попандопуло Иван Лазаревич басқарды.

1990 жылы институтта тағы бір гуманитарлық «Адамгершілік, эстетикалық және құқықтық тәрбие» кафедрасы ашылып, 1992 жылы «Мәдениеттану» кафедрасы болып қайта құрылды. 1992-1994 жылдары Шитова Валентина Николаевна, 1994 жылдан Гуменчук Оксана Николаевна басқарды.

«Дене тәрбиесі» секциясы кафедра ретінде 1967 жылы ҚМЗ зауыты жанындағы ВТУЗ-дың техникалық техникумында құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі Теряки Юрий Иванович болды. 1976-1984 жж. аралығында кафедраны Пак Виктор Николаевич, 1984 жылдан 2000 жылға дейін Токарев Владимир Алексеевич басқарды. 2000 жылдан бастап кафедраны Бобровская Татьяна Николаевна (спорттық гимнастикадан спорт шеберіне кандидат) басқарды.

Кафедрада дзюдо және самбо күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Филатов Сергей Александрович, еңбек сіңірген спорт шебері, пауэрлифтингтен әлемнің жиырма дүркін чемпионы Сивоконь Алексей Николаевич, ескек есуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дмитриева Ирина Юрьевналар әр кезеңдерде қызмет атқарды.

1996 жылы қарашада жалпы институттық қайта құрылымдау нәтижесінде барлық гуманитарлық кафедралар «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасына біріктірілді.