Материалды-техникалық базасы

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы қолданыстағы санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес келетін және оқу жоспарында қарастырылған теориялық және практикалық дайындықтың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімді орындалуын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаға (аудиториялық қор, компьютерлік сыныптар, зертханалар, аспаптық қамтамасыздандыру, қор материалдары) ие.

Кафедраның оқу-зертханалық бөлмежайлардың жалпы ауданы 600 м2 құрайды. Бұл бөлмежайлардың құрамына оқу зертханалары, оқытушылар бөлмелері, оқу аудиториялары, компьютерлік сыныптар, слесарь шеберханасы кіреді.

Кафедра зертханаларында көтеру-тасымалдау машиналарының (көпірлі және консольді крандар, таспалы конвейер), ұсақтау-сұрыптау жабдықтарының (жақты, конусты, білікті және балғалы ұсатқыштар, вибрациялы елегіштер), технологиялық машиналардың (араластырғыштар, қоректендіргіштер, классификатор, виброалаңша), металлургиялық жабдықтардың (конвертор, илемдеу клеті), гидравликалық жетектің, металл кесуші станоктардың және т.б. қолданыстағы стендтері орнатылған.

2020 жылы кафедра базасында 3D принтер, 3D сканер, санды-бағдарламалы басқарылатын (СББ) лазерлі және фрезер станоктары секілді заманауи жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған 3D инжиниринг зертханасы құрылды. Жаңа зертхананың басты міндеті 3D модельдеу, 3D баспа, реверс-инжиниринг, технологияларды жобалау және СББ станоктарда бұйымдарды жасау сынды цифрлық өндірістің перспективті технологияларын зерттеу және меңгеру болып табылады.

Моделі SH-6090 санды-бағдарламалы басқарылатын фрезерлеу-гравирлеу станогы

Қолданылу аясы: ағаштан, пластиктен, органикалық шыныдан және жұмсақ металдардан (алюминий, мыс, жез және т.б.) жасалған дайындамаларды пішу және фрезерлеу, таза ажарлау.

PRISM SPECIAL 3D принтері

Қолданылу аясы: әртүрлі термопластиктерден жоғары сапалы үшөлшемді бөлшектерді басып шығару.

Моделі REDSAIL Х-700 санды-бағдарламалы басқарылатын лазерлі-гравирлеу станогы

Қолданылу аясы: әртүрлі металл емес материалдарды лазерлі кесу және терең емес гравирлеу.

Моделі ТФС-720 токарь-фрезер станогы

Қолданылу аясы: әртүрлі токарьлық жұмыстарды орындау, метрлік, модульдік, дюймдік бұрандаларды кесу, металл дайындамаларды фрезерлеумен және бұрғылаумен өңдеу.

Shining 3D Einscan-Pro 3D сканері

Қолданылу аясы: объектілердің жоғары дәлдіктегі цифрландырылған модельдерін алу.

Жүк көтергіштігі 250 кг болатын көпірлі кранның зертханалық стенді

Қолданылу аясы: көпірлі кранның құрылысы мен жұмыс процесін зерттеу және үйрену.

Таспалы конвейердің зертханалық стенді

Қолданылу аясы: таспалы конвейердің көпірлі кранның құрылысы мен жұмыс процесін зерттеу және үйрену.

Консольді кранның зертханалық стенді

Қолданылу аясы: консольді кранның құрылысы мен жұмыс процесін зерттеу және үйрену.

«Вибрациялық қоректендіргіш» зертханалық қондырғысы

Қолданылу аясы: вибрациялық қоректендіргіштің құрылысы мен жұмыс процесін зерттеу және үйрену.

«Жақты ұсатқыш» зертханалық қондырғысы

Қолданылу аясы: жақты ұсатқыштың құрылысы мен жұмыс процесін зерттеу және үйрену.

«Конусты ұсатқыш» зертханалық қондырғысы

Қолданылу аясы: конусты ұсатқыштың құрылысы мен жұмыс процесін зерттеу және үйрену.

«Виброелек» зертханалық қондырғысы

Қолданылу аясы: виброелектің құрылысы мен жұмыс процесін зерттеу және үйрену.

«Классификатор» зертханалық қондырғысы

Қолданылу аясы: классификатордың құрылысы мен жұмыс процесін зерттеу және үйрену.

«Тербелмелі елегіш» зертханалық қондырғысы

Қолданылу аясы: тербелмелі елегіштің құрылысы мен жұмыс процесін зерттеу және үйрену.

Инжекторлы қозғалтқыштың отын жүйесі стенді

Қолданылу аясы: инжекторлы қозғалтқыштың басқару жүйесінің құрылысын және жұмыс принципін үйрену.

ГАЗ-31 «Волга» автокөлігі агрегаттарының базасындағы көлік техникасы стенді

Қолданылу аясы: көлік техникасының құрылысын және жұмыс принципін үйрену.