Оқу-әдістемелік қызмет

 

Капбарова
Гульбану Махмутовна

кафедра меңгерушісі
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
аға оқытушы


Телефон: +8(775) 435 99 00
E-mail: g.kapbarova@tttu.edu.kz
Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30,
бас ғимарат,
кабинет 1-408
Facebook, Instagram


«Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде келесідей оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын атқарады:

  • пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және қайта өңдеу;
  • пәндердің электронды оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және қайта өңдеу;
  • курстық, зертханалық, практикалық жұмыстарды және студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқауларды әзірлеу және қайта өңдеу;
  • жұмыс бағдарламаларын әзірлеу және қайта өңдеу;
  • силлабустарды әзірлеу және қайта өңдеу;
  • ISBN және © индекстеріне ие оқу құралдарын, оқулықтарды және монографияларды даярлау;
  • тестілік материалдар мен білімді бақылауға арналған материалдарды әзірлеу және қайта өңдеу;
  • дәріс конспектілерін әзірлеу және қайта өңдеу.

Оқу-әдістемелік құжаттамаларды кафедраның профессор-оқытушы  құрамы әзірлейді, ол кейін кафедра отырыстарында талқылаудан өтеді, факультет деканы мен академиялық саясат жөніндегі департамент директорымен келісіледі, оқу ісі жөніндегі проректорымен бекітіледі.

Сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылық құрамы Университет факультеттерінің 1-курс студенттеріне Қазақстан тарихы бойынша дәріс оқып, семинар жұмыстарын өткізеді. Барлық оқытушылардың оқу үдерісі жұмыс бағдарламасы мен типтік бағдарламаға сай жүргізіледі. Оқытушылар өздерінің жұмыс бағдарламаларын жаңа талаптарға сәйкес үнемі жаңғыртып отырады.

Кафедра оқытушылары оқу үдерісінде студенттердің білім деңгейін тексеруде жаңа әдістер қолданып жүр. Кафедра оқытушылыары өздерінің ғылыми жұмыстары барысында алған ғылыми нәтижелерін оқу процесінде белсенді түрде қолданады.

Кафедра оқытушылары мына төмендегі жалпы курстарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды: Қазақстан тарихы, Әлеуметтану және саясаттану, Мәдениеттану және психология, Философия, Ғылым тарихы және философиясы, Жоғары мектеп педагогикасы, Басқару психологиясы.