«Жаңа білім. Қазақ тіліндегі әлемнің 100 үздік оқулығы»

«ЖАҢА БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӘЛЕМНІҢ 100 ҮЗДІК ОҚУЛЫҒЫ» жоба шеңберінде философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология және журналистика сияқты гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар аударылған. Қазақ тіліндегі әлемнің ең үздік жоғары оқу орындары әдебиетін қолжетімді ету идеясы Қазақстан Президентіне тиесілі. 2017 жылдың 12 сәуірінде Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ауқымды бағдарламаны ұсынды. Оған ең үздік әлемдік білім беру кітаптарын аудару туралы идея енді.

Қазіргі уақытта «Жаңа білім. Қазақ тіліндегі әлемнің 100 үздік оқулығы» жоба шеңберінде ҚМИУ ғылыми кітапханасы 2018 жылдың жазынан 107 кітап атауына ие болды (4880 дана.) Бұл гуманитарлық пәндер бойынша үздік әлемдік білім беру оқулықтарынның аудармалары.