Журнал туралы. Редакциялық саясат

1991 жылы «Металдар және қайтарымды материалдар өндірісінің технологиясы» Республикалық ғылыми журналы жарық көрді. 2013 жылы оның атауы «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Жаршысы» болып өзгертілді, бұл журналда ғылыми жаңашыл және іс жүзінде қолдануға жарамды маңызды, зерттеу сипатындағы өзекті ғылыми жұмыстар жарияланады.

  • Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген (30.04.2013 ж. № 13579-Ж тіркеу куәлігі).

  • Журнал ISSN 2309-1177 халықаралық нөмірін берумен ISSN (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция) сериялық басылымдарды тіркеу бойынша халықаралық орталықта тіркелген
  • Журналдың жазылу индексі 71946.
  • Қазақстандық дәйексөз негізінде журналдың 2017 жылы 0,057-тең импакт-факторы бар.

Негізгі тақырыптық бағыты: жалпы білімдік және фундаменталды (базалық) пәндер, тіршілік қауіпсіздігі, химиялық технологиялар, экономика, автоматтандыру және есептеу техникасы, технологиялық машиналар және кәлік, энергетика, машинажасау, құрылыс, жаңа материалдар технологиялары, металлургия саласындағы мәселелердің кең спекторы бойынша ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау.

Журналдың редакциялық саясаты:

- мақалаларды рәсімдеу бойынша авторларға арналған нұсқау;

- жарияланымдардың әдеп талаптары;

- мақалаларды рецензиялау тәртібі.

Журналда келесі бөлімдер қарастырылған:

  1. Металлургия. Жаңа материалдар технологиялары.
  2. Машинажасау. Технологиялық машиналар және көлік.
  3. Құрылыс.
  4. Энергетика. Автоматтандыру және есептеу техникасы.
  5. Химиялық технологиялар. Тіршілік қауіпсіздігі.
  6. Экономика. Жалпыбілімдік және іргетасты пәндер.

Жариялану тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Кезеңділігі: тоқсанына 1 рет (жылына 4 рет).

Мақалалар белгіленген кесте бойынша қабылданады:

№ 1 (наурыз) - ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін;

№ 2 (маусым) - ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін;

№ 3 (қыркүйек) - ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін;

№ 4 (желтоқсан) - ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін.

Журналдың шығу мерзімі-наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан.

Журналдың таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, алыс және жақын шетел елдері.

Хабаршының міндетті түрде тегін даналарын немесе оның электрондық-цифрлық нысанын университет ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, қазақстандық және шетелдік ғылыми ұйымдарға жібереді.