Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедраның оқу жұмысы мемлекеттік білім беру стандарттарымен, типтік оқу жоспарларымен, оқу бағдарламаларымен, университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен және ҚР БҒМ нормативтік құжаттарымен реттеледі.

Кафедра барлық мамандықтағы студенттер мен магистранттарды әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мен дене шынықтыру бойынша дайындайды. Кафедраға келесі базалық және элективті пәндер бекітілген:

• Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы (бакалавриат);

• философия (бакалавриат);

• әлеуметтану және саясаттану (бакалавриат);

• мәдениеттану, психология (бакалавриат);

• құқық негіздері және парасаттылық (бакалавриат);

• кәсіпкерлік құқық (бакалавриаттың экономикалық мамандықтары);

• дене тәрбиесі (бакалавриат);

• ғылым тарихы мен философиясы (магистратура);

• жоғары мектеп педагогикасы (магистратура);

• басқару психологиясы (магистратура);

Кафедра оқытушыларының негізгі міндеттерінің бірі-оқылатын курстарды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. 2018-2019 оқу жылында барлық пәндердің ОӘК мемлекеттік және орыс тілдерінде өзектендірілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің ОӘК мемлекеттік тілде электрондық нұсқа болып қайта құрылып, академиялық саясат департаментіне берілді. 2019-2020 оқу жылында қашықтықтан оқыту үшін  «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Құқық негіздері және парасаттылық» ОӘК орыс тілде электрондық нұсқа болып қайта құрылып, академиялық саясат департаментіне берілді. 2020-2021 оқу жылына қашықтықтан оқыту үшін барлық пәндерден видеолекциялар дайындалды.

Педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында бекітілген кестеге сәйкес кафедра оқытушыларының сабақтарға өзара қатысуы тұрақты негізде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ашық сабақтар өткізіледі.

Оқу жүктемесін және жоспарланған әдістемелік жұмысты бөлу оқытушылардың біліктілігіне сәйкес келеді.