Хамитов Сапар Бағдатұлы

Білімі және біліктілікті арттыру:

жоғары – 1997 ж. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті»; магистратура-2014 ж. «Болашақ» университеті, педагогика ғылымдарының магистрі.

Қарағанды және Астана қалаларындағы біліктілікті арттыру институттарында, Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығындағы шет тілі курстарында біліктілікті үнемі арттыру, Башқұрт мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдама Стерлитамак қ., Ресей.; ОӘБ, жоғары оқу орындары арасындағы семинарлардың, вебинарлардың, сондай-ақ халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы.

Ғылыми-педагогикалық қызметі:

1998-2001жж. – Баянауыл орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі;

2001-2004 жж.– Теміртау политехникалық колледжінің қазақ тілі оқытушысы, экономика бөлімінің меңгерушісі;

2004-2010 жж. – ҚМИУ «ҚОжШТ» кафедрасының аға оқытушысы;

2010- 2013 жж. – ҚМИУ жанындағы Гуманитарлық-техникалық колледж директоры;

2013-2016 жж. – «ТМжЖББП» кафедра меңгерушісі, ҚМИУ ректорының кеңесшісі;

2016-2020 жж. – «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» РМК жанындағы Техника-экономикалық колледжінің директоры;

2020 ж.б. -«Қарағанды индустриялық университеті» КАҚ жанындағы Техника-экономикалық колледжінің директоры , «ҚОжШТ» кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы.

Марапаттар:

• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің рухани және әлеуметтік даму жолындағы жетістіктеріне және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін алғыс хаты – Астана 2017 ж.;

• білім беру саласындағы сыртқы бақылау жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаты – Астана 2014, 2015 жж.;

• ҚР Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге байланысты және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, адал еңбегі үшін Теміртау қаласы әкімінің Құрмет грамотасы – 2015ж;

• Олжас Сүлейменовтың мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсенді қатысқаны үшін Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының алғыс хаты –
Теміртау 2016 ж.;

• ҚМИУ ректорының жоғары білікті мамандарды дайындау бойынша көпжылдық жемісті еңбегі, тәрбие-білім беру жүйесіне қосқан жеке үлесі үшін және ҚМИУ-нің 50-жылдығын мерекелеуге байланысты алғыс хаты – Теміртау 2013ж;

• «Тілдарын» шығармашылық конкурсын университетте тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында мінсіз ұйымдастырғаны және өткізгені үшін ҚМИУ ректорының алғыс хаты» –
Теміртау 2017ж.

Электрондық пошта: sapar.khamitov@mail.ru