Конкурстық хабарландырулар

Конкурстық хабарландырулар

Завершено
2026-09-15 до 2026-09-15

«ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ПРОФЕССОРЛЫ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ профессорлы-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе hr@tttu.edu.kz электронды поштасы арқылы сканерленген нұсқада жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау аяқталатын күн мен уақыт: 15 қыркүйек 2026 ж., сағат 18.00 дейін.

Конкурс өткізілетін күн: 17 қыркүйек 2026 жыл.
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 30, 222 бөлме, HR бөлімі.
Телефон: +7(7213) 91-02-40


Профессорлы-оқытушылар құрамының бос лауазымдары

Кафедра Кафедра меңгерушісі Профессор Доцент Аға оқытушы Оқытушы
Жасанды интеллект технологиясы - - - 2 2
Технологиялық машина және көлік - - - 2 -
Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері - - - 1 1

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. 1 нысанға сәйкес Басқарма Төрағасы – Ректордың атына жазылған өтініш.
  2. 2 нысанға сәйкес түйіндеме.
  3. Білім беру құжаттарының, ғылыми дәрежелерінің және атақтарының көшірмелері (бар болса), сондай-ақ тексеру үшін түпнұсқалары.
  4. Біліктілікті арттыру, қайта даярлау және тағылымдамадан өту туралы құжаттардың, соның ішінде шетелдік тағылымдамалардың көшірмелері (бар болса), сондай-ақ тексеру үшін түпнұсқалары.
  5. Кандидат куәландырған ғылыми басылымдардың, білім беру басылымдарының, зияткерлік меншіктің, патенттердің және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басқа да нәтижелерінің тізімі (бар болса).
  6. Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
  7. Оқытылатын пән(дер) бойынша электронды форматта, 10 слайдтан аспайтын презентация.

Презентацияда мыналар болуы мүмкін:

  1. Үміткердің оқытушылық қызметі туралы ақпарат.
  2. Қолданылатын білім беру, ғылыми және зерттеу технологиялары мен оқыту әдістері туралы ақпарат.
  3. Жоспарланған оқу нәтижелерінің сипаттамасы және оларға қалай қол жеткізуге болатыны.
  4. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру туралы ақпарат.
  5. Үміткердің кәсіби қызметін сипаттайтын оқу-әдістемелік, ғылыми материалдардың, ғылыми мақалалардың, түпнұсқалық әзірлемелердің және басқа да материалдардың үлгілері.

Кафедра меңгерушісі және декан лауазымдарына үміткерлер тиісті құрылымдық бөлімшенің даму тұжырымдамасын да қосымша ұсынады.

Үміткердің білімін, кәсіби қызметін, біліктілігін, жұмыс тәжірибесін, ғылыми жетістіктерін және басқа да кәсіби жетістіктерін (бар болса) сипаттайтын қосымша құжаттар мен материалдар.

Конкурсқа қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар:

Қарағанды индустриялық университетіндегі ғылыми-педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары туралы Ережеге сәйкес.


Конкурсты өткізу:

Қарағанды индустриялық университетіндегі профессорлы-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарын конкурстық іріктеу Ережелеріне сәйкес.


Құжаттарды мына мекенжайға жіберу және хабарласу қажет:

101400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30, HR бөлімі (222-кеңсе).
Телефон: +7(7213) 91-02-40.

Сұрақ қою

KZ EN RU