Зертханалар және ғылыми-зерттеу базасы


Қарағанды индустриялық университетінің зертханалық инфрақұрылымы оқу сабақтарын өткізуге, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындауға, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындары мен ғылыми ұйымдармен бірлесіп инновациялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

 

Университет металлургия, материалтану, машина жасау, құрылыс, көлік, энергетика, химиялық технология, экология, тағам технологиялары, жасанды интеллект және басқа да даярлау бағыттары бойынша мамандандырылған зертханаларға ие. Зертханалар білім беру үдерісінде, ғылыми зерттеулерде және білім алушылардың практикалық даярлығында пайдаланылатын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 

Жабдықтардың толық тізбесімен және олардың техникалық сипаттамаларымен танысу үшін зертханалық жабдықтардың электрондық тізіліміне өтуді ұсынамыз.

Құжаттар

Сұрақ қою

KZ EN RU