Академиялық саясат департаменті университеттің академиялық саясатын қалыптастыру мен орындалуын, білім беру үдерісін үйлестіру және мониторингтеуді, білім алушылар контингентін есепке алуды, білім беру бағдарламаларын дамыту мен инклюзивті оқытуды қолдауды жүзеге асырады.
Ғылым және инновациялар департаменті университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін, соның ішінде ҒЗТКЖ-ны, ғылыми бөлімшелерді дамыту мен ғылыми жобаларды іске асыруды үйлестіреді. Департамент қызметі ғылыми әлеуетті тиімді пайдалануға және білім сапасын арттыруға бағытталған.
Стратегия және халықаралықтандыру департаменті университеттің тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық жоспарлау және халықаралықтандыру үдерістерін үйлестіреді. Департамент қызметі халықаралық серіктестіктерді дамытуға, университеттің имиджін нығайтуға және халықаралық рейтингтердегі көрсеткішін арттыруға бағытталған.
Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің қызметі білім алушылардың жан-жақты дамуын, студенттік бастамаларды қолдауды, инклюзивті құндылықтарды ілгерілетуді, азаматтық жауапкершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздейді.
Цифрландыру және киберқауіпсіздік департаменті университеттің қызметтері мен үдерістерін цифрландыруды, ақпараттық жүйелерді енгізу мен сүйемелдеуді, АТ-инфрақұрылымын дамытуды, ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ цифрлық білім беру және әкімшілік сервистерді қолдауды жүзеге асырады.
Маркетинг, медиа және креативті технологиялар департаменті университеттің бренді мен имиджін ілгерілетуді, медиаконтент пен цифрлық коммуникацияларды басқаруды, сондай-ақ білім беру мен имидждік қызметте креативті және мультимедиялық шешімдерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Пайдалану, еңбек қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаменті университет инфрақұрылымын пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді, сондай-ақ еңбек және өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғау талаптарының сақталуын жүзеге асырады.
Бухгалтерия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізеді, сондай-ақ еңбекақыны, шәкіртақыны, оқу ақысы мен студенттер үйлерінің төлемақысын, іссапар шығындарын есептеуді қамтамасыз етеді.
HR бөлімі университеттің мақсаттары мен миссиясына сәйкес кадрлық саясатты іске асырып, қызметкерлерді іріктеу, дамыту және қолдауды қамтамасыз етеді. HR бөліміне жұмысқа орналасу, конкурстық іріктеу, мансаптық даму және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жүгінуге болады.
Белгіленген тәртіпке сәйкес келіп түскен, жіберілетін және ішкі құжаттарды өңдеуді, тіркеуді, есепке алуды, сақтауды, жеткізуді және таратуды жүзеге асырады; құжаттар мен тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуы мен өтуіне бақылау жүргізеді.
Заңгерлік қолдау бөлімі университет қызметін құқықтық қамтамасыз етуді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ келісімшарттық және талап-арыз жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Баспасөз қызметі университет жұмысын ақпараттық сүйемелдеуді, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысты, ресми хабарламалар, жаңалықтар мен баспасөз-материалдарын дайындауды, сондай-ақ университеттің қоғамдық имиджін қалыптастыру мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сатып алу бөлімі университет қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ сатып алулары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу порталында ашық түрде жүргізіледі.
Білім алушыларға қызмет көрсету бөлімі қызметінің мақсаты – білім алушыларға сапалы әрі уақытылы қызметтер мен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді, сондай-ақ ақпараттық-кеңестік беру қолдауды қамтамасыз ету.
Кітапхана университеттің оқу және ғылыми ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Кітапханада оқырман билетін рәсімдеуге, электрондық кітапхана қызметін және оқу әдебиетін алуға болады.