Бакалавриат

Жалпы ақпарат

1.1 Оқу мерзімдері

орта білім базасында — 4 жыл
техникалық және кәсіптік білім беру базасында — 2,5 жыл
жоғары білім базасында — 2,5 жыл

1.2 Түсу үшін қажетті құжаттар

  • Аттестат н/е Диплом қосымшасымен (түпнұсқасы), 3 көшірме
  • 075-У нысанындағы медициналық анықтамасы, флюорография
  • № 63 нысан (екпе картасының көшірмесі)
  • 3х4 өлшемде 4 фото
  • Жеке куәліктің 3 көшірмесі
  • Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (болған жағдайда)
  • Әлеуметтік жеңілдіктер санаты болған жағдайда қосымша растайтын құжаттар тізімі
  • ҰБТ сертификаты, грант конкурсының нәтижесі бойынша куәлік (болған жағдайда)

1.3 Оқу құны

Шифр Бағыт атауы 1 курс 2 курс 3 курс 4 курс
6В041 Бизнес және басқару 605 000 550 000 550 000 500 000
6В112 Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау 690 000 600000 600 000 500 000
6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 690 000 600 000 600 000 500 000
6В072 Өндірістік және өңдеу салалары 690 000 600 000 600 000 500 000
6В073 Сәулет және құрылыс 690 000 600 000 600 000 500 000
6В075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (секциялар бойынша) 690 000 600 000 600 000 500 000
6В071 Инженерия және инженерлік іс 690 000 600 000 600 000 500 000
6В071 Инженерия және инженерлік іс (қолданбалы бакалавриат) 690 000 600 000 600 000 500 000
Шифр Бағыт атауы 1 курс 2 курс 3 курс 4 курс
6В041/112/061/072/073/074/071 Барлық бағыттар 800 000 800 000 800 000 500 000
Шифр Бағыт атауы 1 курс 2 курс 3 курс 4 курс
6В041 Бизнес және басқару 605 000 550 000 550 000 550 000
6В112/061/072/73/075/071 Барлық техникалық бағыттар 690 000 600 000 600 000 600 000

1.4 Білім беру гранттары конкурсы

Құжаттарды тапсыру мерзімі
2026 жылғы 20 маусымнан 25 тамызға дейін

Грант конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар

  1. Өтініш
  2. Білім туралы құжат (түпнұсқа)
  3. Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеу сертификаты
  4. Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін)
  5. Дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы
  6. Свидетельство о смерти двух или единственного родителя или иные документы, подтверждающие отсутствие родителя (лишение, ограничение родительских прав, решение суда о признании их безвестно отсутствующими, объявлении их умершими)
  7. Подтверждающий документ для лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны (при наличии)
  8. Подтверждающий документ для лиц казахской национальности, не являющихся гражданами Республики Казахстан (при наличии)
Құжаттар 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар түпнұсқалар мен көшірмелерде ұсынылады, тексергеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Нормативтік құжаттар (НҚА)


Білім беру бағдарламалары

6B04101
Кәсіпкерлік саласындағы менеджмент
Топ: В044 Менеджмент және басқару
ҰБТ пәндері: География, математика
«Кәсіпкерлік саласындағы менеджмент» білім беру бағдарламасы басқару, талдау және кәсіпкерлік құзыреттері қалыптасқан бакалаврларды даярлауға бағытталған. Бағдарлама бизнесті ұйымдастыру және дамыту, басқарушылық шешімдер қабылдау, бизнес-жоспарлау, қаржыны, персоналды, тәуекелдерді және жобаларды басқару дағдыларын қалыптастырады. Түлектер нарықтық экономика жағдайында тиімді жұмыс істеуге және кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға дайын болады.
Мансап: Түлектер менеджер, бөлім басшысы, маркетинг, қаржы, логистика, персоналды басқару және жоба менеджменті салаларында маман ретінде жұмыс істей алады, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндігі бар.
6B04103
Бизнес экономикасы
Топ: В044 Менеджмент және басқару
ҰБТ пәндері: География, математика
Болашақ бакалаврлар экономика саласында кәсіби білім, дағдылар алады, экономиканың барлық салаларындағы әр түрлі денгейдегі кәспорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуінің өзгеретін жағдайларында алға қойылған экономикалық міндеттерді шешу ушін қажетті деректерді жинауға, талдауға және өңдеуге қабілетті. Түлектер әртурлі экономикалық құрылымдарда, әлеуметтік қызметтерде, басқару жүйесінің ұйымдастырушылық бөлімдерінде, салааралық кешендерде, басқару органдарында, акционерлік қоғамдарда, түрлі шаруашылық серіктестіктерінде және коммерциялық емес ұйымдарда, инновациялық орталықтарда жұмыс істей алады, кісіпкерлікпен айналыса алады.
Мансап: - Экономист-бухгалтер - Еңбекті нормалау жөніндегі инженер - Белімше басшысы - МТС бойынша экономист - Салық инспекторы
6B04106
Кәсіпкерліктегі есеп және аудит
Топ: B045 Аудит және салық салу
ҰБТ пәндері: География, математика
Болашақ бакалаврлар экономиканың түрлі ұйымдық-құқықтық нысандары мен салаларының кәспорындарындағы шаруашылық процестер туралы ақпаратты жинаудың, өңдеудің және ұсынудың кәзіргі заманғы әдістемесінің дағдыларын алады; есепке алу-талдау, қаржы- шаруашылық, баскарушылық және аудиторлық қызметі жүргізеді, қаржылық есептілік пен аудиттің халыкаралық және ұлттық стандарттары негізінде кәсіпорынның бизнес процестерін талдайды. Түлектер бухгалтер және бухгалтер-аудитор, қаржы менеджері және бизнес-аналитик ретінде жұмыс істей алады.
Мансап: - Есетші - Бухгалтер-ревизор (аудитор) - Есепші-материалист - Қаржы менеджері - Бизнес-талдаушы
6B06101
Бағдарламалық инженерия
Топ: B057 Ақпараттық технологиялар
ҰБТ пәндері: Математика, информатика
«Программалық инженерия» білім беру бағдарламасы бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау, әзірлеу, тестілеу және сүйемелдеу саласында кәсіби құзыреттері қалыптасқан бакалаврларды даярлауға бағытталған. Бағдарлама заманауи бағдарламалау технологияларын, бағдарламалық архитектураны, деректер қорын, веб және мобильді қосымшаларды, ақпараттық қауіпсіздік пен IT-жобаларды басқаруды қамтиды.
Мансап: Түлектер бағдарламашы, инженер-бағдарламашы, веб және мобильді қосымшалар әзірлеушісі, бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы, тестілеуші, жүйелік талдаушы және IT-маман ретінде еңбек ете алады, сондай-ақ жеке IT-жобалар мен стартаптарды іске асыра алады.
6B06102
Бағдарламалық инженерия
Топ: B057 Ақпараттық технологиялар
ҰБТ пәндері: Математика, информатика
«Жасанды интеллект технологиялары» білім беру бағдарламасы жасанды интеллекттің заманауи технологияларын меңгерген мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама машиналық оқыту, нейрондық желілер, компьютерлік көру, бейнелерді тану, деректердің интеллектуалды талдауы және роботтандыру сияқты салаларды қамтиды. Студенттер алгоритмдер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, ақпараттық қауіпсіздік әдістерін, деректер визуализациясын, графикамен жұмыс істеуді, веб және мобильді қосымшалар жасауды үйренеді. Түлектер ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді әзірлей және қызмет көрсете алады, желілерді баптап, ақауларды түзетеді, сондай-ақ 3D-принтерлерді, 3D-сканерлерді қолдана алады.
Мансап: − IT-маман − Интеллектуалды жүйелерді әзірлеуші − ML-инженер (машиналық оқыту инженері) − Деректер ғылымының маманы (Data Scientist) − Жасанды интеллект әзірлеушісі
6B07088 (1)
Тау-кен және металлургия өнеркәсібіндегі жобалық менеджмент
Топ: 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
ҰБТ пәндері: Математика, физика
Білім беру бағдарламасы пайдалы қазбаларды өндіру және металлургиялық өңдеу салаларында жобаларды тиімді басқаруға қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер жобалық менеджменттің негіздерін, жобаларды басқару қағидаттары мен әдістемелерін, сондай-ақ жобаның өмірлік циклының негізгі кезеңдерін: жоспарлау, орындау, бақылау және аяқтауды меңгереді. Маңызды аспектілердің бірі – тәуекелдерді басқару, сондай-ақ бизнес-жоспарлар мен есептерді қоса алғанда, жобалық құжаттаманы әзірлеу және бақылау. Тау-кен-металлургия саласының ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады: металдарды өндіру және өңдеу технологиялары, тау-кен және металлургиялық объектілердің құрылысы, сондай-ақ саланың инновациялары мен даму үрдістері. Студенттер өндірістік, экологиялық және әлеуметтік аспектілерге байланысты тәуекелдерді бағалау және басқару әдістерін де меңгереді. Оқытудың маңызды бөлігі – қаржылық модельдеу, экономикалық тиімділікті бағалау және жобаларға инвестиция салу әдістерін оқу, бұл ірі күрделі жобалар үшін аса маңызды.
Мансап: - Металлургия және тау-кен компанияларындағы жоба менеджерлері - Жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі мамандар - Жобалар бойынша инженер-экономистер - Жобалық офистердің үйлестірушілері - Ірі өндірістік жобалар аясындағы сатып алу және жабдықтау жөніндегі менеджерлер
6B07088 (2)
Тау-кен және металлургия саласындағы экоаналитика және рециклинг технологиялары
Топ: 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
ҰБТ пәндері: Математика, физика
6B07101
Органикалық заттардың химиялық технологиясы
ҰБТ пәндері: Химия, физика
- Технолог - Химик-технолог - Мастер-технолог - ⁠Мұнай-химия өндірісінің технологы - Резеңке техникалық өндіріс технологы
Мансап: − Технолог − Химик-технолог − Мастер-технолог − Технолог нефтехимического производства − Технолог резинотехнического производства
6B07103
Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
ҰБТ пәндері: Математика, Физика
Болашақ бакалаврлар материалдардың құрылымы, қасиеттері және әртүрлі әсерлер кезіндегі құлқын зерттейді. Оқу барысында олар материалдардың қасиеттерін аналитикалық бақылау әдістерін, заманауи өлшеу және зерттеу аспаптарымен жұмыс істеуді меңгереді, сондай-ақ физикалық, химиялық және механикалық сынақтар үшін үлгілерді дайындау дағдыларын игереді. Студенттер металлдар, полимерлер, керамика, композициялық және жаңа функционалдық материалдарды алудың және өңдеудің технологияларын, сондай-ақ олардың беріктігін, коррозияға төзімділігін және басқа да пайдалану сипаттамаларын арттыру әдістерін оқып үйренеді. Материалдарды заманауи диагностикалау, сапасын бақылау және стандарттау әдістеріне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, студенттер материалдарды өңдеу технологиялық үдерістерін жобалау, олардың құрылымын модификациялау негіздерімен танысады және материалдардың қасиеттерін компьютерлік модельдеу мәселелерін зерттейді.
Мансап: - Материалдар және технологиялар бойынша инженер; - Жаңа материалдарды әзірлеу жөніндегі маман; - Материалдар мен өнім сапасын бақылау жөніндегі маман; - Ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларда ғылыми қызметкер; - Материалдарды сертификаттау және стандарттау жөніндегі инженер.
6B07104 / 6B07111
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жылуэнергетикасы
ҰБТ пәндері: Математика, Физика
Болашақ бакалаврлар барлық түрдегі энергетикалык ресурстарды өндіруге, түрлендіруге, таратуға және пайдалануға жауапты жүйелерді технологиялық есептеу дағдыларын алады. Олар бастапқы энергияны түрлендіретін жүйелер жиынтығымен танысады: пайдалы қазбалар, табиғи энергия, жасанды шикізатты қосымша энергияға: электр және жылу. Түлектер жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа баптау жүйелеріне, қалалық магистральдық жылу желілеріне, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсететін кәсіпорындарда жұмыс істей алады. Энергияаудиторлық компанияларда, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында, энергия менеджменті қызметтерінде жұмыс істей алады.
Мансап: - Жылу электр станцияларында инженер-жылу энергетигі - ⁠Ғимараттар мен жылу желілерін пайдалану жөніндегі инженер - ⁠Энергогенерация жүйелерін жанғырту жөніндегі менеджер - ⁠Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инженер-жылу технигі - Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу маманы
6B07105
Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету
Топ: В062 Электротехника және энергетика
ҰБТ пәндері: Математика, физика
«Өнеркәсіптік нысандарды энергиямен қамтамасыздандыру» білім беру бағдарламасы электр энергетикасы және электрмен жабдықтау саласында заманауи инженерлік білімге ие бакалаврларды даярлауға бағытталған. Бағдарлама электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау, пайдалану және автоматтандыру дағдыларын қалыптастыруға, энергия тиімді технологияларды енгізуге, жаңартылатын энергия көздерін және цифрлық шешімдерді өндірісте қолдануға бағдарланған. Түлектер кәсіпорындарды сенімді және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз етіп, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға қатыса алады.
Мансап: Түлектер инженер-энергетик, электр жабдықтарын пайдалану және жөндеу инженері, электрмен жабдықтау жүйелерін жобалаушы, автоматтандыру саласының маманы, энергия менеджменті және энергоаудит маманы, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындарда басшылық қызметтерде жұмыс істей алады.
6B07106
Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы
ҰБТ пәндері: Математика, физика
«Автоматтандыру жүйелері инженериясы» білім беру бағдарламасы энергетикалық, технологиялық және экономикалық тиімділік талаптарын ескере отырып, автоматтандыру жүйелерін жобалай алатын, модельдей алатын және енгізе алатын мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама аясында студенттер есептеу жүйелерімен, алгоритмдеумен, контроллерлермен, электрондық құрылғылармен, автоматты басқару құралдарымен және процестерді компьютерлік модельдеумен жұмыс істеуді меңгереді. Түлектер ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді әзірлеп, қызмет көрсете алады, өндірістік бақылауды жүзеге асырады, 3D-баспа және 3D-сканерлеу технологияларын қолдана алады, сондай-ақ әртүрлі автоматтандырылған жүйелерді жасау мен басқарудың заманауи құралдарын пайдалана алады.
Мансап: − Автоматтандыру инженері − Автоматтандырылған жүйелерді жобалаушы − Бағдарламаланатын логикалық контроллерлер инженері − Цифрлық өндіріс инженері
6B07107
Өнеркәсіптің технологиялық жабдықтары
ҰБТ пәндері: Математика, физика
Бағдарлама өндірістік кәсіпорындардың технологиялық жабдықтарын жобалау, орнату, пайдалану және жөндеу саласында білімі мен дағдылары бар мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу үдерісіне автоматтандыру мен механикаландырудың заманауи әдістері, автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ) және инженерлік қызметтегі цифрлық технологиялар енгізілген. Бағдарлама түлектері өндірістің түрлі салаларында жұмыс істей отырып, технологиялық процестердің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ете алады.
Мансап: − Инженер − Конструктор-инженер − Іске қосу және сынақ инженері − Жөндеу инженері − Жобалау инженері − Механик
6B07112
Көлік-технологиялық машиналар
ҰБТ пәндері: Математика, физика
Оқу бағдарламасы көліктік-технологиялық машиналардың құрылымы, жобалау және пайдалану саласында білім мен дағдылары бар мамандарды даярлауға бағытталған. Мұндай техникаға көтеру-тасымалдау машиналары, құрылыс, құрылыс-технологиялық және жол-құрылыс машиналары жатады. Олар әртүрлі өнеркәсіп салаларында, құрылыс пен жол шаруашылығында кеңінен қолданылады. Бағдарлама түлектері осы техниканы жобалау, пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге байланысты кең бейінді инженерлік міндеттерді шеше алады.
Мансап: Инженер-механик Инженер-конструктор Қызмет көрсету инженері (Сервис инженері)
6B07113
Машина жасау
ҰБТ пәндері: Математика, физика
Машина жасау саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Ол инженерлік талдаудың, жобалаудың және машиналар мен механизмдердің бөлшектері мен тораптарын құрастырудың заманауи әдістерін меңгерген, техникалық құжаттамамен жұмыс істей алады, автоматтандырылған жобалау жүйелерін (CAD/CAE) қолданады, сондай-ақ машина жасау саласында цифрлық технологияларды пайдаланады. Ол заманауи жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларына ие, машиналардың техникалық жағдайын талдай алады, диагностика жүргізеді және оларды жаңғыртуға қатысады. Түлектің кәсіби қызметі машина жасау, металлургия, энергетика, құрылыс және басқа да өнеркәсіп салаларында жүзеге асырылады. Түлек инженерлік-техникалық лауазымдарда жұмыс істеуге, сондай-ақ әрі қарай кәсіби және ғылыми дамуға дайын.
Мансап: – Бас технолог − Бас инженер − Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент) − Учаске шебері − Өндірістік зертхана бастығы − Өндірістік бөлім бастығы − Ауысым бастығы − Техникалық бөлім бастығы − Цех (учаске) бастығы − Машина жасау инженері − Технологиялық жабдықтарды жобалау инженері − Өндірістік процестерді автоматтандыру инженері − Өндірістік жабдықтарды сынау инженері
6B07114
Дәнекерлеудің технологиялық инжинирингі
ҰБТ пәндері: Математика, физика
«Дәнекерлеудің технологиялық инжинирингі» білім беру бағдарламасының түлегі – дәнекерлеу технологиялары, материалтану, дәнекерленген конструкцияларды жобалау және пайдалану саласында білімі бар жоғары білікті маман. Ол дәнекерлеудің және оған байланысты процестердің заманауи әдістерін (доғалық, газбен, лазерлік дәнекерлеу және т.б.) меңгерген, дәнекерлеу технологиялық процестерін әзірлей алады, сапа мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жабдықтарды, материалдарды және дәнекерлеу режимдерін дұрыс таңдайды. Сонымен қатар ол заманауи дәнекерлеу жабдықтарымен, дәнекерлеу процестерін автоматтандыру және роботтандыру жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларына ие, сондай-ақ дәнекерленген конструкцияларды жобалау кезінде CAD/CAE жүйелерін қолдана алады. Түлектің кәсіби қызметі машина жасау, металлургия, құрылыс, мұнай-газ саласы, энергетика және өнеркәсіптің басқа да салаларында жүзеге асырылады. Түлек инженерлік-техникалық лауазымдарда жұмыс істеуге, сондай-ақ әрі қарай кәсіби және ғылыми дамуға дайын.
Мансап: - Дәнекерлеу инженері - Дәнекерлеу өндірісінің технологы - Дәнекерлеу сапасы бойынша инженер - Дәнекерлеуді автоматтандыру жөніндегі маман - Дәнекерленген конструкцияларды жобалаушы
6B07119
Автомобиль жасау
ҰБТ пәндері: Математика, физика
Оқу бағдарламасы автомобильдерді жобалау, өндіру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласында білімі мен практикалық дағдылары бар мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама техникалық пәндерді заманауи ақпараттық технологиялармен, САПР жүйелерімен және басқарушылық құзыреттермен ұштастырады. Бағдарламаның түлектері автомобиль жасау саласының әртүрлі бағыттарында – инженерлік міндеттерден бастап өндірісті ұйымдастыруға дейін жұмыс істей алады.
Мансап: − Инженер-механик − Инженер-конструктор − Сервис инженері − Техникалық пайдалану инженері − Өндірісті ұйымдастыру жөніндегі маман
6B07201
Metal Forming Technology
ҰБТ пәндері: Математика, физика
«Металдарды қысыммен өңдеу» (ОМӨ) білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызметі қара және түсті металлургия кәсіпорындарында, өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық салаларда жүзеге асырылады. Түлектер зауыттық зертханаларда, сондай-ақ жұмысшы кадрларды даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істей алады. Бағдарлама түлектері технологиялық процестер мен жабдықтар саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді және оларды өндірісте қолдана алады. Сонымен қатар олар өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалауды, зертханалық зерттеулер жүргізуді, CAD/CAE жүйелері негізінде заманауи жобалау және модельдеу әдістерін игереді.
Мансап: – Бас технолог − Бас инженер − Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент) − Учаске шебері − Өндірістік зертхана бастығы − Өндірістік бөлім бастығы − Ауысым бастығы − Техникалық бөлім бастығы − Цех (учаске) бастығы − Тәжірибелік өндіріс цехының бастығы
6B07202 / 6B07206
Қара металлургия
ҰБТ пәндері: Математика, физика
6B07203 / 6B07205
Түсті металлургия
ҰБТ пәндері: Математика, физика
Болашақ бакалаврлар түсті металл кендерін балқыту және өңдеу үдерістерінің технологиялық есептеу әдістерін меңгереді. Оқу барысында олар кен байыту принциптерін, жеңіл, ауыр, сирек және бағалы металдарды алу мен өңдеудің ерекшеліктерін, сондай-ақ металлургиялық өндірістің өнімдері мен жартылай фабрикаттарын алудың технологиясын оқып үйренеді. Студенттер түсті металлургия саласындағы металлургиялық агрегаттарды, қондырғылар мен цехтарды жобалау дағдыларын меңгереді, сонымен қатар металлургиялық сараптама мен өнім сапасын бақылаудың негіздерімен танысады. Гидрометаллургия, электрометаллургия және қайталама ресурстарды қайта өңдеудің заманауи әдістерін зерттеуге ерекше назар аударылады. Түлектер түсті металлургия және машина жасау кәсіпорындарында инженер-технолог, жобалаушы, металлургиялық сараптама және сапаны бақылау маманы ретінде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында жұмыс істей алады.
Мансап: - Түсті металлдарды өндіру және өңдеу кәсіпорындарында инженер-технолог; - Металлургиялық агрегаттарды, цехтарды және зауыттарды жобалау жөніндегі инженер; - Өнім сапасын бақылау жөніндегі маман; - Металлургиялық сараптама маманы; - Металлургия саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкері.
6B07204
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
ҰБТ пәндері: Химия, биология
Болашақ бакалаврлар жана технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу, әртүрлі әсер ететін жаңа фармакологиялық препараттарды әзірлеу, қолданыстағы дәрі-дәрмектерді ғылым тұрғысынан егжей-тегжейлі зерттеу, өнімнің тиімділігін тексеру, оны тұтынушыға қалай жақсартуға болатындығы туралы өз шешімдерін ұсыну дағдыларын алады. Түлектер фармацевт-технолог, фармацевтика ендірісінің маркетологтары, фармацевт-технолог, химик-технолог, фармацевтика, химия, биотехнология, парфюмерия және косметика салаларында шебер-технолог ретінде жұмыс істей алады.
Мансап: − Фармацевт-технолог − Химик-технолог − Мастер-технолог − Фармацевтикалық өндіріс маркетологы − Көруші-технолог
6B07208
Тамақ өнімдері технологиясы
ҰБТ пәндері: Химия, биология
Тамақ өнімдерінің технологиясы саласында заманауи талаптарға сай, өндірістік процестерді ұйымдастырып, тиімді басқара алатын, қауіпсіз және инновациялық өнімдер өндіруді қамтамасыз ететін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Мансап: − Сүт өнімдерінің технологы (Сүт зауыттары мен өңдеу комбинаттары) Мысалдар: RenMilk, Natige, FoodMaster − Ет өнеркәсібінің технологы (Ет комбинаттары) Мысалдар: Кублей, Адал Ет, Rubikom − Нан-тоқаш өнімдерінің технологы (Нан зауыттары) Мысалдар: Қарағанды нан зауыты, Сарыарқа НАН, Нан-макарон-кондитер комбинаты (НМКК) − Кондитерлік өнімдер технологы (Кондитер фабрикалары) Мысалдар: Рахат, Баян Сұлу − Сынақ зертханалары және сапа бақылау орталықтары Мысалдар: Мемлекеттік және жеке зертханалар, Сертификациялау орталықтары − Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары Мысалдар: СЭС (Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет), СанПиН (Санитарлық қағидалар мен нормалар)
6B07209
Мұнай өңдеу өндірісінің технологиясы
ҰБТ пәндері: Химия, биология
Бағдарлама мұнай және газ өңдеу саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер мұнай өңдеу және мұнай-химия өндірістерінің процестері мен жабдықтарын, отын, май, битум және басқа да өнімдерді алу технологияларын, сондай-ақ өнеркәсіптік экология, еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік негіздерін зерттейді.
Мансап: − мұнай өңдеу инженер-технологы, − технологиялық қондырғылардың операторы, − өнім сапасы бойынша инженер, − өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі маман, − инженер-химик, − химиялық талдау зертханашысы (мансаптың бастапқы кезеңдерінде), − ауысым немесе бөлім шебері, − мұнай-химия саласындағы өндірістік бағыттың менеджері.
6B07207
Пайдалы қазбаларды байыту
ҰБТ пәндері: Математика, физика
Болашақ бакалаврлар бос жыныстан құнды компоненттерді бөліп алу үшін минералдық шикізатты бастапқы өңдеудің заманауи әдістері мен технологияларын үйренеді. Олар байыту әдістерінің жіктелуін және гравитациялық, флотациялық, магниттік және басқа да үдерістерде қолданылатын сәйкес технологиялық жабдықтарды меңгереді. Студенттер байыту фабрикаларын жобалаумен, технологиялық үдерістерді бақылаумен, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдаланып технологиялық сызбаларды модельдеумен айналысады. Сонымен қатар, олар металлургиялық өндірістің негіздерімен және байытылған өнімдерді қайта өңдеумен танысады. Түлектерге алған білімі тау-кен және металлургия кәсіпорындарында, жобалау бюроларында, ғылыми-зерттеу институттарында және өнеркәсіптік қалдықтарды экологиялық қайта өңдеумен айналысатын компанияларда инженер-технологтар және байыту мамандары ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мансап: − Байыту фабрикаларында инженер-технолог; − Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша маман; − Байыту желілерін жобалау жөніндегі инженер; − Байыту технологиялары саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкер.
6B07301
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс
Топ: В074 Қала құрылысы
ҰБТ пәндері: Математика, физика
Білім беру бағдарламасы теориялық және практикалық міндеттерді шешуге қажетті заманауи кәсіби білім мен дағдыларға ие құрылыс саласының білікті мамандарын даярлауға бағытталған. Бағдарлама құрылыс нысандарының өмірлік циклінің барлық кезеңдерін — жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейін кешенді меңгеруге негізделген. Бағдарламада тәжірибеге бағытталған оқытуға, цифрлық технологияларды (BIM, CAD, жасанды интеллект) енгізуге, энергия тиімділігі мен тұрақты құрылыс қағидаттарына ерекше назар аударылады. Оқыту еңбек нарығының талаптарымен тығыз байланыста жүзеге асырылады және жұмыс берушілердің сұраныстарын ескере отырып ұйымдастырылады, бұл түлектердің жоғары сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді.
Мансап: Бағдарлама түлектері құрылыс және жобалау ұйымдарында, құрылыс саласының өндірістік кәсіпорындарында, сондай-ақ инженерлік ізденіс саласында жұмыс істей алады. Олар инженерден бастап құрылыс бөлімшелерінің басшысына дейінгі лауазымдарды атқара алады.
6B07501
Стандарттау, метрология және сертификаттау
ҰБТ пәндері: Математика, физика
Стандарттау, метрология және сертификаттау (СМС) саласындағы болашақ мамандар — өнімдер мен қызметтердің сапалы, қауіпсіз және бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ететін сарапшылар. Олардың жұмысы тұтынушылардың сеніміне және бизнестің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Олар стандарттарды әзірлеумен және енгізумен айналысады, өнімдер мен процестердің сапасын бақылайды, өлшемдердің дәлдігін қамтамасыз етеді және идеядан бастап дайын өнімге дейінгі барлық кезеңдерде талаптардың сақталуын қадағалайды. Оқу барысында студенттер тек теорияны ғана емес, сонымен қатар нақты практикалық дағдыларды меңгереді. Сонымен қатар болашақ мамандар деректермен жұмыс істеуді, тәжірибелер жүргізуді және ғылыми зерттеулер нәтижелерін нақты өндірісте енгізуді үйренеді.
Мансап: - Стандарттау жөніндегі инженер - Сапа жөніндегі инженер - Метрология жөніндег инженер - Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер - Зияткерлік меншікті бағалаушы - Метролог - Сапа менеджменті жүйесінің аудиторы
6B11201
Өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі
ҰБТ пәндері: Математика, физика
Болашақ бакалаврлар кәсіпорында қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру, құрылымдық бөлімшелерде еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру, өндірістік жарақаттанудың, кәсіпік және өндірістік-негізделген аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу, кәсіпорында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар беру дағдыларын алады, қоғамда өнеркәсіптік қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының сақталуын, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының бұйрықтары мен нұсқауларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Түлектер кез-келген жеңіл, тамақ және ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарында қауіпсіздік және қауіпсіздік инженерлері,қауіпсіздік инженерлері, өрт қауіпсіздігі инженерлері, қоршаған ортаны қорғау инженерлері ретінде жұмыс істей алады.
Мансап: − Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер − Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер − Химиялық, экологиялық зертхана инженері − Өрт алдын алу нұсқаушысы − Еңбек жөніндегі техник

Қабылдау комиссиясы

Мекенжай
I-117
9:00 - 18:00
Телефондар
Telegram бот
Әлеуметтік желілер

Жүктеп алуға арналған материалдар

Сұрақ қою

KZ EN RU