6B07203 / 6B07205 Түсті металлургия

1
Білім беру саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
B171 Металлургия
Берілетін дәреже
"Білім беру бағдарламасының 6B07205 Түсті металдар металлургиясы" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Бағдарлама мақсаты

Технологиялық үрдістерді талдауды және іске асыруды, металлургиялық өндіріс жабдықтарын пайдалануды және жобалауды жүзеге асыратын, тиімді командалық жұмысқа және өмір бойы оқуды жалғастыра алатын бәсекеге қабілетті маман-металлургтерді дайындау

Бағдарламаның бірегейлігі

Білім беру бағдарламасы тау-кен металлургия саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған және түсті металдар металлургиясы бойынша тереңдетілген мамандандыруды қамтамасыз етеді. Оқу процесінде іргелі инженерлік білім заманауи өндірістік технологиялармен ұштасады. Бағдарлама ресурсты үнемдейтін технологиялар, металлургиялық процестерді цифрландыру, экологиялық қауіпсіз қайта өңдеу және қайталама шикізатты пайдалану сияқты инновациялық бағыттарды қамтиды. Өндірістік тәжірибелерге, зертханалық жұмыстарға және өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінеді, бұл түлектердің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы: түсті металдар мен қорытпаларды өндіру, жұмыс істеп тұрған өндірістерді басқару және оларды жетілдіру, құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

- инженер-металлург - инженер-технолог - минералдық шикізатты қайта өңдеу инженері - өндірістік учаске шебері - сапа жөніндегі инженер - ғылыми қызметкер (инженер-зерттеуші) - жобалаушы-инженер - металлургиялық өндіріс технологы

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Металлургиялық процестер теориясы;
  • Металлургиялық үрдістердің жылуэнергетикасы;
  • Түсті металдар кендерін кешенді өңдеу;
  • Асыл металдар металлургиясы
  • Жеңіл металдар металлургиясы
  • Сирек металдар металлургиясы
  • Ауыр металдар металлургиясы

Кәсіби стандарттар

Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:

  • Тау-кен металлургия кешенінде аналитик-технолог (22.08.2023)

Құжаттар

Модульдік білім беру бағдарламалары

Элективті пәндер каталогы

Сұрақ қою

KZ EN RU