Техникалық-экономикалық колледж

Хамитов Сапар Бағдатұлы
Директор
Хамитов Сапар Бағдатұлы

Руководитель

Колледж туралы

Техникалық-экономикалық колледж «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және колледж-ЖОО үздіксіз білім беру жүйесі бойынша өз қызметін жүзеге асырады.

ҚарИУ жанындағы ТЭК 2016 жылдың қыркүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асырады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде жұмыс істейтін, техникалық және кәсіптік оқу орындарына қойылатын ең жоғары талаптарға жауап беретін заманауи, серпінді дамып келе жатқан колледж болып табылады.

"Біздің мамандар – болашаққа сенімділік!"

Білім беру бағдарламалары

Мемлекеттік лицензияға сәйкес колледж 9 мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады.

Экономикалық мамандықтар (2)


Техникалық мамандықтар (7)


Оқыту

Колледжде оқыту 9 және 11 сынып базасында, мемлекеттік және орыс тілінде, күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша жүргізіледі.

Оқу орнында студенттермен сабақтан тыс жұмыс жүргізу үшін барлық жағдайлар мен белгілі бір материалдық-техникалық база құрылған.

Халықтың жекелеген санаттары мен топтары үшін техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында студенттерге оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер, оқуға гранттар түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Колледж студенттері университеттің кітапханасын, оқу залын, компьютерлік сыныптарын, оқу зертханаларын және спорттық-сауықтыру кешенін пайдаланады.

Колледжді бітіргеннен кейін Студенттер Қарағанды индустриялық университеті мен басқа жоғары оқу орындарына жақын мамандықтарға қысқартылған оқу нысаны бойынша түсу мүмкіндігіне ие – күндізгі бөлімге 2,5 жыл және қашықтықтан оқыту бөліміне 3,5 жыл.

Сұрақ қою

KZ EN RU