Minor-бағдарламалар

Қосымша білім беру бағдарламасы Minor (Минор) – қосымша құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында білім алушы оқу үшін анықтаған пәндер және (немесе) модульдер мен оқу жұмысының басқа түрлерінің жиынтығы. Minor бакалавриаттың барлық студенттеріне таңдау үшін ұсынылады. Әрбір білім алушы оқу үшін бір Minor таңдауға міндетті. Minor бакалавриаттың екінші (ТжКБ базасында қысқартылған бағдарламалар бойынша оқитындар үшін) және үшінші курсында (толық оқу мерзімімен) оқытылады. Minor кезекпен оқытылатын төрт пәннен тұрады, еңбек сыйымдылығы 20 кредит (әр пәннің еңбек сыйымдылығы – 5 кредит). Қосымша білім беру бағдарламасының пәндері — Minor білім алушылармен таңдау компонентінің пәндері шеңберінде оқытылады және олардың көлемі техника және технологиялар бакалавры дәрежесін беру үшін қажетті академиялық кредиттердің жалпы көлеміне (негізгі бағдарламаның 240 кредиті) кіреді.

Minor «IT – технологиялар»

Пәндер:

  • Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
  • Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
  • Мәліметтер базасы
  • Python бағдарламалау негіздері

Minor «Экономика және басқару»

Пәндер:

  • Ұйымдастыру және өндірісті жоспарлау
  • Менеджмент
  • Қаржылық сауаттылық және шешім қабылдау тиімділігі
  • Еңбек экономикасы

Minor «3D инжиниринг»

Пәндер:

  • Аддитивті технологияға кіріспе
  • 3D үлгілеу жүйелері және AI 3D генераторлары
  • 3D баспа құралдары мен компоненттері
  • 3D сканерлеу және цифрландыру негіздері

Minor «Толық металлургиялық циклмен өндіріс»

Пәндер:

  • Металдарды қысыммен өңдеу технологиясына кіріспе
  • Металдарды қысыммен өңдеу цехтарын жабдықтау
  • Қара және түсті металдар металлургиясына кіріспе
  • Қара және түсті металдарды өндіру технологиясы

Құжаттар

Сұрақ қою

KZ EN RU