6B07088 (1) Тау-кен және металлургия өнеркәсібіндегі жобалық менеджмент

1
Білім беру саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
B071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру
Берілетін дәреже
"Білім беру бағдарламасының 6B07088 (1) Тау-кен және металлургия өнеркәсібіндегі жобалық менеджмент" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Бағдарлама мақсаты

Инвестициялаудың толық циклін жүзеге асыратын, қаржы мен уақыт шығындарын барынша азайтуға, жобалау, Құрылыс және өмір бойы оқуды жалғастыру бағытындағы жұмыстар бойынша командаларды тиімді басқаруға қабілетті тау-кен металлургия кешені кәсіпорындары үшін жобалық менеджмент саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Бағдарламаның бірегейлігі

«Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі жобалық менеджмент» білім беру бағдарламасының бірегейлігі оның пәнаралық сипатында және тау-кен металлургия кешеніндегі жобалардың толық инвестициялық циклін басқаруға бағытталған инженерлік, басқарушылық және цифрлық құзыреттердің интеграциясында көрініс табады. Бағдарлама геология, тау-кен ісі, металлургия, құрылыс және жобаларды басқару салаларындағы білімдерді біріктіреді, бұл жаңа буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді — олар жобаларды әзірлеу мен іске асырумен қатар, олардың тиімділігін өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде: идеядан бастап жобалау, пайдалануға беру және әрі қарай оңтайландыруға дейін басқаруға қабілетті.

Кәсіби қызмет саласы

Түлектің кәсіби қызмет саласы тау-кен өндіру кәсіпорындары, металлургия кәсіпорындары, ММК-мен жұмыс істейтін инжинирингтік, жобалау және консалтингтік компаниялар болып табылады.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

- Жоба менеджері - Бас инженер - Бас металлург - Бас технолог - Өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер - Жұмыс өндіруші (прораб) - Менеджер -Директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (Директор, вице-президент) - Өндірістік бөлімнің (өндірістік-техникалық бөлімнің) бастығы

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Геодезия және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)
  • Геология, пайдалы қазбаларды барлау және тау-кен ісі
  • Ғимараттар мен құрылыстарды салу, пайдалану технологиясының негіздері
  • Бизнесті жоспарлау және нарықты талдау
  • Жасанды интеллектке кіріспе
  • Водоснабжение и канализация
  • Қазақстан Республикасының жер қатынастары және кадастры
  • Коммерциялық шарттар
  • Таукен металлургия кәсіпорнының сапа менеджменті жүйесі
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
  • Қаржылық, бухгалтерлік және техникалық аудит (Due diligence)
  • Қазақстан Республикасындағы таукен металлургия кәсіпорнының экологиялық құжаттамасы
  • Электр-газ және жылумен жабдықтау
  • Глинозем, алюминий, титан және магний металлургиясы
  • Алтын, уран, сирек және сирек жер металдарының металлургиясы
  • Мыс, қорғасын, мырыш және қалайы металлургиясы
  • Шойын, болат, ферроқорытпа және металды қалыптау металлургиясы
  • Тау-кен металлургия кәсіпорындарының жабдықтарын жобалау
  • Тау-кен металлургия кәсіпорындарының объектілерін жобалау
  • Тау-кен металлургия кәсіпорындарын автоматтандыру және цифрландыру
  • Бизнес-процестердің онлайн мониторингі
  • PMBOK жобалық менеджменті
  • Тәуекел-менедмжент
  • Жобалық топты басқару мен қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері
  • Эффективное продвижение стартап компании в горно-металлургическом производстве

Кәсіби стандарттар

Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:

Құжаттар

Сұрақ қою

KZ EN RU