1
Білім беру саласы
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
2
Даярлау бағыты
6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В057 Ақпараттық технологиялар
Берілетін дәреже
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр
Бағдарлама мақсаты
Бағдарламалық инженерия саласында табысты жеке және командалық кәсіби қызметті жүзеге асыра алатын IT-мамандарды даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
6B06101 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасы инклюзивті оқытуды, практикалық бағытталған тәсілді (бағдарламалық қосымшалардың интерфейстерін жобалау), сондай-ақ инженерлік пәндер мен IT-құзыреттердің үйлесімін (үлкен деректерді өңдеу, Internet of Things, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу) қамтамасыз етеді.
Кәсіби қызмет саласы
Осы білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет саласы бағдарламалық қамтамасыз етуді индустриялық түрде өндіру болып табылады, оның ішінде бағдарламалық өнімдер мен жүйелерді әзірлеу, сүйемелдеу және басқару.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Квалификации и должности определяются в соответствии с "Квалификационным спра-вочником должностей руководителей, специалистов и других служащих", утвержденным при-казом Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30.12.2020 г. № 553:
- Инженер-программист (программист);
- Программист (веб – мастер, веб - дизайнер);
- Проектировщик программного обеспечения (проектировщик ИС).
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
Кәсіби стандарт «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу»
-
Кәсіби стандарт «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер және тестілеу, WEB және мультимедиялық қосымшалар саласындағы мамандар»
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 27.07.2007 № 319-III
-
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы;
-
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы;
-
«Об утверждении типовых учебных программ цикла общеобразовательных дисциплин для организаций высшего и (или) послевузовского образования». Приказ Министерства образования и науки Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 603;
-
«Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамасын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы;
-
«Бағдарламалық қамтаманы әзірлеу» кәсіби стандарты Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының міндетін атқарушының 05.12.2022 ж. № 222 бұйрығына №7 қосымша
-
«Бағдарламалық қамтаманың әзірлеушілері мен WEB және мультимедиялық қосымшаларды тестілеу жөніндегі мамандар» кәсіби стандарты Қазақстан Республикасы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасарының бұйрығына № 2 қосымша