1
Білім беру саласы
07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6В071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В064 Механика және металлөңдеу
Берілетін дәреже
Техника ғылымдарының магистрі
Бағдарлама мақсаты
Еңбек нарығының заманауи өндірістік және технологиялық талаптарына сай тиімді жұмыс істей алатын, кәсіби құзыреттерге ие дәнекерлеу инженирингі саласында білікті мамандарды даярлау.
Кәсіби қызмет саласы
Түлектің кәсіби қызмет шеңбері – өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыс; машина жасау, металл өңдеу, металлургия және тау-кен өнеркәсібі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысы және жобалау-конструкторлық қызмет.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Басшылардың лауазымдары: Дәнекерлеу жұмыстары қызметінің бастығы, бас дәнекерлеуші.
Мамандардың лауазымдары: Дәнекерлеу бойынша инженер.
өзге де қызметшілер (техникалық орындаушылар / зертханалық): Зертханашы (мүмкін дәнекерлеу зертханасы, дәнекерлеу тігістерінің сапасын бақылау және т. б.).
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
Берілген құжат келесі ҚР заңнамалық актілерінің және ҚР ҒЖБМ нормативтік құжаттарының талаптарына сай әзірленген:
-
«Білім туралы» ҚР 24.10.2011 ж. № 487-IV Заңы; - «Жоғары және кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2025 жылғы 4 наурыздағы № 90 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2025 жылғы 4 наурыздағы № 90 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы;
-
«Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу ережесін, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығы.