6B07113 Машина жасау

1
Білім беру саласы
07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6В071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В064 Механика және металлөңдеу
Берілетін дәреже
Техника ғылымдарының магистрі

Бағдарлама мақсаты

Машина жасау өндірісі саласында терең теориялық білімдер мен практикалық дағдыларға ие, кешенді инженерлік міндеттерді шешуге қабілетті, кәсіби қызметтің өзгермелі жағдайларына тиімді бейімделе алатын, инновациялық технологиялар мен саланың тұрақты дамуы талаптарын ескере отырып, білікті мамандарды даярлау.

Бағдарламаның бірегейлігі

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі классикалық инженерлік білімдерді жоғары технологиялық цифрлық инжинирингпен интеграциялауда болып табылады және жаһандық тұрақты даму қағидаттарына сәйкес ауыр өнеркәсіпті кешенді экологиялық әрі цифрлық жаңғыртуды жүзеге асыра алатын мамандарды даярлауға бағытталған.

Кәсіби қызмет саласы

Бітірушінің кәсіби қызмет саласы - машина жасау кәсіпорындарындағы өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру жұмысы; материалдарды қысыммен өңдеу технологиясын және ұсталау-штамптау жабдығын құру кезінде конструкторлы-технологиялық автоматтандырылған жобалау құралдарын пайдалана отырып жобалаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану негізінде машина жасаудың бәсекеге қабілетті өнімдерін жасауға бағытталған ұста-қалыптау және престеу өндірісі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысы.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

Басшылардың лауазымдары: Бас технолог, Өндіріс меңгерушісі, Өндіріс жөніндегі ди-ректордың орынбасары (директор, вице-президент), Бақылау (учаскенің, цехтың) мастері, Учаске мастері, Өндірістік зертхананың (өндірісті бақылау бойынша) бастығы, Өндірістік бөлімінің бастығы, Ауысым бастығы, Техникалық бөлім бастығы, Цех (бөлім) бастығы, Тәжірибелі өндірістің цех бастығы. Мамандардың лауазымдары: Диспетчер; Инженер; Инженер-зертханашы; Өндірісті дайындау жөніндегі инженер; Инженер-технолог (технолог); Зертханашы; Кәсіби кеңесші; Директордың көмекшісі (референт, кеңесші). Ғылыми және техникалық қызметкерлердің басшы лауазымдары, жалпы ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалық және іздестіру ұйымдары үшін: Ғылыми қызметкер; Кіші ғылыми қызметкер; Инженер, Зертханашы.

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Теориялық механика
  • Материалдар кедергісі
  • Өзара алмастыру негіздері
  • Машина бөлшектері және құрастыру негіздері
  • Машина жасау материалдарының материалтану негіздері
  • Құрылымдық материалдар және термиялық өңдеу
  • Жабдықтар мен процестерді математикалық модельдеу
  • Технологиялық процестерді оңтайландыру әдістері
  • Ғылыми зерттеулер негіздері және экспериментті жоспарлау
  • Технологиялық ақпаратты өңдеу және талдау
  • Қаңылтырды өндіру технологиясы
  • Соғу және ыстықтай штамптау технологиясы
  • Дәнекерлеудің заманауи технологиялары мен жабдықтары
  • Кесумен өңдеу және кесу құралы
  • Механикалық құрастыру технологиясы
  • Профильді прокат пен құбырларды өндіру технологиясы
  • Салқындай штамптау технологиясы
  • Құю өндірісінің технологиясы

Кәсіби стандарттар

Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:

  • «Білім туралы» ҚР 24.10.2011 ж. № 487-IV Заңы;
  • «Жоғары және кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы;
  • «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2025 жылғы 4 наурыздағы № 90 бұйрығы;
  • «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы;
  • «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы
  • «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу ережесін, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығы;
  • КС: «Жабдықтың сенімділігі мен механикалық тұтастығын қамтамасыз ету» Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасарының 2022.12.66 № 224 бұйрығына №224 қосымша.

Құжаттар

Сұрақ қою

KZ EN RU