6B07105 Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету

Берілетін дәреже
КарИУ: 6B07105 «Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры. ТИУ: 13.03.02 «Электр энергетикасы және электр техникасы» даярлау бағыты бойынша бакалавр, бағыты (бейіні) — «Электрмен жабдықтау».

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Осы қос дипломды модульдік білім беру бағдарламасы жоғары білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Түмен индустриялық университеті (Түмен қ., Ресей Федерациясы) және коммерциялық емес акционерлік қоғам Қарағанды индустриялық университеті (Қарағанды облысы, Теміртау қ., Қазақстан Республикасы) бірлескен оқу жоспарларының сәйкестігін айқындау жөніндегі комитеттің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 1 бірлескен отырысының хаттамасы негізінде әзірленді. Қарағанды индустриялық университеті (КарИУ) білім беру бағдарламасы: 6B07105 «Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету» Түмен индустриялық университеті (ТИУ) білім беру бағдарламасы: 13.03.02 «Электр энергетикасы және электр техникасы» Бағыты (бейіні): «Электрмен жабдықтау»

Қабылдау және оқыту тәртібі

1.3.1 Талапкер 6B07105 «Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасына тек келесі жағдайларда қабылданады: талапкер қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқудан бас тартқан жағдайда. Бұл жағдайда білім алушы оқу мерзімі 4 жыл болатын білім беру бағдарламасының барлық талаптарын Қарағанды индустриялық университеті базасында орындайды. Қорытынды аттестациядан сәтті өткен жағдайда білім алушыға 6B07105 «Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры дәрежесі беріледі. 1.3.2 Талапкер 6B07105 «Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету» / 13.03.02 «Электр энергетикасы және электр техникасы» қос дипломды білім беру бағдарламасына келесі жағдайда қабылданады: қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуға келісім берген және Қарағанды индустриялық университеті мен Түмен индустриялық университеті базасында өткізілетін қабылдау емтихандарын сәтті тапсырған жағдайда. Бұл жағдайда білім алушы оқу мерзімі 4 жыл, 2+2 схемасы бойынша (екі жыл КарИУ-де, екі жыл ТИУ-де) білім беру бағдарламасының барлық талаптарын орындайды. Білім алушы бір дипломдық жұмысты орындайды, оның тақырыбы КарИУ мен ТИУ арасында келісілген болады, және қорытынды аттестациядан келісім бойынша университеттердің бірінде офлайн форматта өтеді, бұл ретте екінші университеттің аттестациялық комиссиясы дипломдық жұмысты қорғауға онлайн форматта қатысады. Қорытынды аттестациядан сәтті өткен жағдайда түлекке екі диплом беріледі: 6B07105 «Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалаврының дипломы; 13.03.02 «Электр энергетикасы және электр техникасы» даярлау бағыты бойынша, бейіні — «Электрмен жабдықтау» бакалавр дипломы.

Бағдарлама мақсаты

Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету саласында кәсіби қызметтің өзгермелі жағдайларына жедел бейімделе алатын жаңа буын мамандарын даярлау.

Бағдарламаның бірегейлігі

Уникальность образовательной программы ОП 6B07105 «Энергообеспечение промышленных объектов» обеспечивает двудипломную практико-ориентированную подготовку в области электроэнергетики и электроснабжения промышленных объектов, интеграцию цифровых, интеллектуальных и автоматизационных технологий в энергетике, а также усиленную проектно-инжиниринговую и исследовательскую подготовку с возможностью формирования индивидуальной образовательной траектории обучающихся. 6B07105 «Өнеркәсіптік нысандарды энергиямен қамтамасыздандыру» білім беру бағдарламасы электроэнергетика және өнеркәсіптік нысандарды электрмен жабдықтау саласында қос дипломды, практикалық бағытталған даярлауды, энергетикадағы цифрлық, зияткерлік және автоматтандыру технологияларын интеграциялауды, сондай-ақ білім алушылардың жеке білім беру траекториясын қалыптауға мүмкіндік беретін күшейтілген жобалық-инжинирингтік және зерттеушілік даярлауды қамтамасыз етеді. The educational program 6B07105 “Energy Supply of Industrial Facilities” provides dual-degree, practice-oriented training in electrical power engineering and industrial power supply, integrates digital, intelligent, and automation technologies in the energy sector, and ensures enhanced project-engineering and research-based preparation with opportunities for students to form individualized learning pathways.

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы ғылым мен техника саласын қамтиды және электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер мен адам қызметі әдістерінің жиынтығын білдіреді.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

6B07105 «Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету» / 13.03.02 «Электр энергетикасы және электр техникасы» білім беру бағдарламаларының түлектері келесі лауазымдарда жұмыс істей алады: реттеу және сынақтар жөніндегі инженер, электротехникалық жабдықты пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі инженер, электр жабдықтарын монтаждау, қызмет көрсету және реттеу жөніндегі инженер, инженер-зертханашы, инженер-конструктор, инженер-жобалаушы, учаске шебері, цех (учаске) бастығы, ауысым бастығы, инженер-энергетик, инженер-электрик, бас энергетик, бас инженер.

Аккредиттеу

IAAR, 30.05.2025 - 29.05.2030
Сертификат

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Электротехниканың теориялық негіздері
  • Электротехникалық материалтану
  • Электроника
  • Электр машиналары
  • Электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары
  • Электр желілері мен жүйелері
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау
  • Электроэнергетикалық жүйелерді автоматтандыру және қорғау
  • Электртехникалық жабдықты басқару
  • Өнеркәсіптік контроллерлер
  • Автоматты басқару теориясы
  • Өнеркәсіптегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігі

Оқытушылар

Пән Оқытушы
1 Электроэнергетикалық жүйелерді автоматтандыру және қорғау, Электр желілері мен жүйелері, Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау Дружинин В.М., PhD, аға оқытушы
2 Электротехниканың теориялық негіздері 1, Электротехниканың теориялық негіздері 2, Электр машиналары, Электр жетегінің теориясы Кунтуш Е.В., PhD, аға оқытушы
3 Өнеркәсіптегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, Энергия үнемдеу, энергоаудит және энергоменеджмент, Өндірістің электр жабдықтары Баясилова З.А., PhD, аға оқытушы
4 Энергоқамту жүйелерінің инжинирингі, Математикалық есептер және компьютерлік модельдеу, Электр жабдықтарын қауіпсіз әрі тиімді пайдалану Асабина Н.Н., аға оқытушы, техника және технологиялар магистрі
5 Электроника, Электртехникалық материалтану, Электромеханикалық жүйелерді басқару, Электртехникалық жабдықты басқару Сиверская Т.И., аға оқытушы, магистр
6 Өнеркәсіптік контроллерлер, Электр жабдықтарын қауіпсіз әрі тиімді пайдалану Доля А.В., оқытушы, магистр
7 Электр желілері мен жүйелері, Станциялар мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары, Компьютерлік графика және САПР Батырбек А.Е., оқытушы, техника және технологиялар магистрі

Құжаттар

Сұрақ қою

KZ EN RU