6В07106 Автоматтандыру жүйесінің инженериясы

1
Білім беру саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6В071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В063 – Электр техникасы және автоматтандыру
Берілетін дәреже
Бітірушіге 6В07106-Автоматтандыру жүйесінің инженериясы білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі

Бағдарлама мақсаты

Өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге дайын қазіргі заманғы автоматтандырылған кешендерді енгізуге және қызмет көрсетуге қабілетті автоматтандыру жүйелерінің инженерия саласындағы мамандардың жаңа буынын дайындау

Бағдарламаның бірегейлігі

6В07106 «Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы» білім беру бағдарламасының бірегейлігі – теориялық білімді, практикалық дағдыларды және өнеркәсіптік жүйелерді автоматтандыру мен цифрландырудың заманауи тәсілдерін кешенді түрде біріктіруінде.

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы өндірістің барлық салаларында басқару үшін ақпаратты өңдеу құралдары мен әдістерін қолданумен байланысты технологиялық үдерістердегі автоматтандыру, ақпараттандыру және басқару саласы болып табылады.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

Біліктіліктер мен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады. 6В07106-Автоматтандыру жүйесінің инженериясы білім беру бағдарламасының түлектері келесі лауазымдарда жұмыс істей алады: өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру жөніндегі инженер, бақылау - өлшеу аспаптарының және автоматиканың инженері, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жөніндегі инженер (бөлімше немесе ақпараттық технологиялар орталығы), реттеу және сынау жөніндегі инженер, инженер-зертханашы, инженер-конструктор, инженер-жобалаушы, учаске шебері, цех (учаске) бастығы, учаске шебері, ауысым бастығы, автоматтандыру жүйелерінің инженериясы бағыты бойынша маман

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Пневмоавтоматика және гидроавтоматика негіздері
  • Автоматика элементтері мен құрылғылары
  • Автоматты басқару теориясы
  • Технологиялық кешендерді автоматтандыру
  • Басқару жүйелеріндегі айқынсыз логика
  • Жасанды интеллект жүйелері
  • Өнеркәсіптік контроллерлер
  • Өнеркәсіптік желілер мен интерфейстер
  • SCADA-жүйелері
  • Автоматтандыру жүйелерін монтаждау, баптау және пайдалану
  • Пилотсыз құрылғыларды басқару
  • Автоматтандыру жүйелерінің инжинириясы
  • Ғылыми зерттеулер әдіснамасы
  • Дизайн-ойлау

Оқытушылар

Пән Оқытушы
1 Пневмоавтоматика және гидроавтоматика негіздері Кенжебаева Т.С., Романов Д.Ю.
2 Автоматика элементтері мен құрылғылары Кенжебаева Т.С., Романов Д.Ю.
3 Автоматты басқару теориясы Кенжебаева Т.С., Спичак Е.В.
4 Технологиялық кешендерді автоматтандыру Кенжебаева Т.С., Спичак Е.В.
5 Басқару жүйелеріндегі айқынсыз логика Кенжебаева Т.С.
6 Жасанды интеллект жүйелері Кенжебаева Т.С.
7 Өнеркәсіптік контроллерлер Доля А.В.
8 Өнеркәсіптік желілер мен интерфейстер Романов Д.Ю.
9 SCADA-жүйелері Сивякова Г.А.
10 Автоматтандыру жүйелерін монтаждау, баптау және пайдалану Кенжебаева Т.С.
11 Пилотсыз құрылғыларды басқару Кенжебаева Т.С., Романов Д.Ю.
12 Автоматтандыру жүйелерінің инжинириясы Кенжебаева Т.С., Спичак Е.В.
13 Ғылыми зерттеулер әдіснамасы Жаутиков Б.А.
14 Дизайн-ойлау Спичак Е.В.

Құжаттар

Модульдік білім беру бағдарламалары

Элективті пәндер каталогы

Сұрақ қою

KZ EN RU