6B07119 Автомобиль жасау

1
Білім беру саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6B071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
B065 Көлік техникасы мен технологиялары
Берілетін дәреже
6В07119 Автомобиль жасау білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Бағдарлама мақсаты

Автомобильдер өндірісі саласында әлеуметтік-кәсіби және практикалық-бағдарланған құзыреттерге ие, жоғары білімді әрі жан-жақты дамыған бакалаврларды даярлау

Бағдарламаның бірегейлігі

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі автомобильдерді жобалау мен өндірудің толық цикліне салалық бағдарлануымен, CAD/CAE жүйелерін, аддитивті технологияларды, реверс-инжинирингті, роботтандыруды және электрлік/гибридтік жетекті ықпалдастыра оқытумен, сондай-ақ индустриялық серіктес – «QazTehna» ЖШС-пен тығыз өзара іс-қимылмен айқындалады.

Кәсіби қызмет саласы

Автомобильдерді әзірлеу мен өндіруге бағытталған адам қызметінің құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын қамтитын ғылым және техника салалары.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

Біліктілік пен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады: - Инженер - Инженер-конструктор (конструктор) - Реттеу және сынақ бойынша инженер - Инженер-жобалаушы - Механик

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Автомобиль жасауда өндірісті технологиялық дайындау
  • Автомобиль жасауда өндірісті технологиялық дайындау
  • Электромобильдерді пайдалану және қызмет көрсету
  • Көлік құралдары және мобильді машиналар
  • Гидравлика және автомобиль гидромеханикасы
  • Автомобильдердің трансмиссиялары мен аспалары
  • Автомобиль тораптарын диагностикалау және реттеу
  • Автомобиль тораптары мен агрегаттарын жобалау

Кәсіби стандарттар

Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:

Құжаттар

Модульдік білім беру бағдарламалары

Сұрақ қою

KZ EN RU