1
Білім беру саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
B071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру
Берілетін дәреже
"Білім беру бағдарламасының 6B07207 Пайдалы қазбаларды байыту" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
Бағдарлама мақсаты
Технологиялық процестерді талдау мен іске асыруды, байыту өндірісінің жабдықтарын пайдалану мен жобалауды жүзеге асыратын, тиімді командалық жұмысқа және өмір бойы оқуды жалғастыруа алатын бәсекеге қабілетті байытушы мамандарды даярлау
Бағдарламаның бірегейлігі
«Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламасының бірегейлігі минералогия, химия және минералдық шикізатты өңдеу технологиясы салаларындағы іргелі білімдерді заманауи инженерлік және цифрлық құзыреттермен ұштастыра отырып, табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалануға бағытталған мамандарды кешенді даярлауында жатыр.
Бағдарлама білім алушыларда пайдалы қазбаларды байыту процестерін жүйелі түрде түсінуді қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде ұсақтау, майдалау, гравитациялық, магниттік, электрлік және флотациялық әдістер, сондай-ақ байыту фабрикаларын жобалау және пайдалану қарастырылады. Ерекше назар шикізаттың құрамы, қасиеттері және соңғы өнімге қойылатын талаптарды ескере отырып, оны өңдеудің оңтайлы технологиялық сұлбаларын таңдауға аударылады.
Кәсіби қызмет саласы
Түлектің кәсіби қызмет саласы – минералдық шикізатты өңдеумен, пайдалы қазбаларды байытумен және табиғи ресурстарды кешенді пайдаланумен байланысты ғылым, техника және өндіріс саласы.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
- Инженер-технолог
- Учаске бастығы
- Инженер-лаборант
- Кіші ғылыми қызметкер
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
Тау-кен металлургия кешенінде аналитик-технолог (22.08.2023)