1
Білім беру саласы
6B070 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6B073-Сәулет және құрылыс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
B074 – Қалалық жоспарлау, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс.
Берілетін дәреже
техника және технология бакалавры
Бағдарлама мақсаты
Қазіргі жағдайларда кәсіби қызметтің теориялық және практикалық міндеттерін шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, жоғары кәсіби білім деңгейіне ие, құрылыс саласындағы білікті мамандарды даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі құрылыс нысанының өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтитын кешенді әрі практикалық-бағдарланған тәсілмен ерекшеленеді. Бағдарламаның ерекшелігі цифрлық технологияларды (BIM, CAD, жасанды интеллект) интеграциялауда, энергия тиімділігі мен орнықты құрылысқа басымдық беруде, сондай-ақ өндірістік практика мен нақты жобалар арқылы саламен тығыз байланыс орнатуда көрініс табады.
Бағдарламаның бірегейлігі оның мазмұнында болашақта лауазымдық функцияларды тиімді орындау үшін қажетті барлық өзекті және перспективалық кәсіби құзыреттердің шоғырлануында, олардың Қарағанды өңірінің еңбек нарығына бағытталуында, сондай-ақ аймақ жұмыс берушілерінің сұранысына сәйкес негізгі пәндерді толықтыратын элективті курстардың болуында айқындалады.
Сонымен қатар, бағдарламаның ерекшелігі – мамандарды даярлау Қарағанды өңіріндегі ғана емес, одан тыс аумақтардағы жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде жүзеге асырылуында.
Кәсіби қызмет саласы
Кәсіби қызмет саласы, нысандары, пәндері және түрлері
Осы білім беру бағдарламасының кәсіби қызмет саласы – құрылыс салалары бойынша құрылыс қызметі болып табылады.
«6B07301 – Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет нысандарына мыналар жатады:
құрылыс-монтаж басқармалары мен ұйымдары;
құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіретін зауыттар;
құрылыс саласындағы акционерлік бірлестіктер;
жобалау, конструкторлық және сәулет-жоспарлау ұйымдары;
инженерлік ізденістермен айналысатын ұйымдар.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
«6B07301 – Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат түлегіне Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес келесі лауазымдарда жұмыс істеуге рұқсат етіледі:
Басшылық лауазымдар: учаске шебері, цех (учаске) бастығы, жұмыстарды орындаушы (прораб), ауысым бастығы, шаруашылық бөлімінің бастығы, өндіріс бөлімі (өндірістік-техникалық бөлім) бастығы;
Маман лауазымдары: санатсыз инженер-құрылысшы (конструктор), сапа инженері, құрылысқа техникалық қадағалау инженері;
Жобалау, технологиялық, конструкторлық және зерттеу ұйымдарына ортақ басшылық, ғылыми және техникалық қызметкерлер лауазымдары: санатсыз жобалау инженері.