1
Білім беру саласы
6В04 Бизнес, басқару және құқық
2
Даярлау бағыты
6В041 Бизнес және басқару
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В044 Менеджмент және басқару
Берілетін дәреже
экономика бакалавры
Бағдарлама мақсаты
«Бизнес экономикасы» білім беру бағдарламасының мақсаты экономика саласында кәсіби білімі, іскерлігі мен дағдылары бар, экономиканың барлық салаларының әртүрлі деңгейдегі кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмыс істеуінің өзгермелі жағдайларында қойылған экономикалық міндеттерді шешу үшін қажетті деректерді жинауды, талдауды және өңдеуді жүзеге асыруға қабілетті бакалаврларды даярлау болып табылады.
Бағдарламаның бірегейлігі
«Бизнес экономикасы» білім беру бағдарламасының бірегейлігі - маңызды модульдің болуы,тау-кен металлургия саласының өнеркәсіптік кәсіпорындарының экономика саласындағы негізгі құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Кәсіби қызмет саласы
Нарықтық инфрақұрылым буындарындағы мемлекеттік органдардың, барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдардың, экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдарының шаруашылық жүргізуші субъектілері. «бизнес экономика» білім беру бағдарламасының экономика бакалавры мынадай салаларда талдамалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық (әкімшілік) қызметті жүзеге асыра алады: салалық және өңірлік нарықтардың, әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуін зерттеу, кәсіпорын менеджменті жүйесін жетілдіру, кәсіпорындардың экономикалық стратегиясы мен саясатын қалыптастыру, мемлекеттік, салалық және фирмаішілік деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
6В04103 «Бизнес экономикасы» білім беру бағдарламасының түлектері әртүрлі экономикалық құрылымдарда, әлеуметтанулық қызметтерде, басқару жүйесінің ұйымдық бөлімшелерінде, салааралық кешендерде, басқару органдарында, акционерлік қоғамдарда, түрлі шаруашылық серіктестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарда, инновациялық орталықтарда жұмыс істеуге, мынадай лауазымдарда кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы:
а)басшылардың лауазымдары: директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары (Коммерциялық директор, вице-президент), персоналды басқару жөніндегі директор; экономикалық мәселелер жөніндегі директор (бас экономист); қаржы директоры; еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жөніндегі зертхана бастығы; техникалық-экономикалық зерттеулер зертханасының бастығы, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу бөлімінің бастығы,жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы; логистика бөлімінің бастығы; бағдарламалар және портфелей жетекшісі, менеджер;
б)экономист, экономист-бухгалтер, еңбекті нормалау жөніндегі инженер, материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономист, салық инспекторы, банкир;
в)мамандардың лауазымдары: қаржы консультанты, бизнес-консультант, талдаушы-экономист, сыртқы-экономикалық қызмет жөніндегі маман.
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы;
-
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 20.07.2022 ж. № 2 бұйрығы;
-
Жоғары және кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы;
-
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы);
-
«Компания ресурстарын жоспарлау және талдау саласындағы қызмет» Кәсіби стандарты («Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасарының 2019.12.26 № 263 бұйрығымен бекітілген);
-
«Қаржы менеджменті» кәсіби стандарты, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасарының 2019.12.26 № 263 бұйрығымен);
-
Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамасы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген.