6B07202 / 6B07206 Қара металлургия

1
Білім беру саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
B171 Металлургия
Берілетін дәреже
"Білім беру бағдарламасының 6B07206 Қара металдар металлургиясы" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Бағдарлама мақсаты

Технологиялық үрдістерді талдауды және іске асыруды, металлургиялық өндіріс жабдықтарын пайдалануды және жобалауды жүзеге асыратын, тиімді командалық жұмысқа және өмір бойы оқуды жалғастыра алатын бәсекеге қабілетті маман-металлургтерді дайындау.

Бағдарламаның бірегейлігі

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі жоғары технологиялы және ресурсты үнемдейтін металлургиялық өндірісті дамытуға бағытталған іргелі металлургиялық дайындықты заманауи инженерлік, цифрлық және экологиялық құзыреттермен үйлестіруінде жатыр. Бағдарлама шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісінің теориясы мен технологиясын терең меңгеруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар металлургиялық агрегаттар мен өндірістік кешендерді жобалау, пайдалану және жаңғырту дағдыларын қалыптастырады. Ерекше назар технологиялық процестерді басқаруда автоматтандыру, цифрландыру және математикалық модельдеу процестерін интеграциялауға аударылады.

Кәсіби қызмет саласы

Түлектің кәсіби қызмет саласы – қара металлургия өндірістерін басқарумен және оларды жетілдірумен байланысты ғылым мен техника саласы.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

- Инженер-лаборант - Инженер-технолог - Кіші ғылыми қызметкер - Басқарма басшысы - Бас инженер - Цех бастығы

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Металлургиялық процестер теориясы
  • Өндірісті автоматтандыру
  • Эксперименттік деректерді талдау және өңдеу
  • Кокссыз металлургия
  • Жасанды ин-теллектке кіріспе
  • Металдарды пештен тыс өңдеу
  • Металлургия өндірісінің техногендік қалдықтарын қайта өңдеу
  • Ұнтақтық металлургия
  • Инженерлік салаларда қолдану және модельдеу
  • Металлургиялық агрегаттарды жобалау және құрастыру
  • Металлургиялық цехтарды жобалау
  • Кен дайындау және байыту
  • Болат балқытудың теориясы мен технологиясы
  • Шойын өндірісінің теориясы мен технологиясы
  • Электр болаты және ферроқорытпа өндірісінің теориясы мен технологиясы
  • Металды құю және кристалдану теориясы мен технологиясы

Кәсіби стандарттар

Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:

Құжаттар

Элективті пәндер каталогы

Сұрақ қою

KZ EN RU