1
Білім беру саласы
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6В071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В162 Жылу энергетикасы
Берілетін дәреже
6В07111 «Өнеркәсіптік кәсіп- орындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры
Бағдарлама мақсаты
Жылу энергетикасы саласында қажетті білімі бар, бастамашыл, еңбек нарығының өзгермелі талаптарына және технологияға бейімді, командада жұмыс істей алатын, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ТКШ нысандарында энергия үнемдеу саясатын қолдай алатын жылу энергетик мамандарын даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
Білім беру бағдарламасы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының энергетикалық жүйелері үшін мамандарды кешенді даярлауға бағытталған және оқу үдерісінде өнеркәсіптік әрі коммуналдық жылу энергетикасы бағыттарын біріктіреді. Бағдарлама практикалық-бағдарланған сипатқа ие, оған цифрлық және зияткерлік технологиялар енгізілген, сондай-ақ энергия тиімділігі мен «жасыл» энергетика саласы бойынша дайындық күшейтілген.
Кәсіби қызмет саласы
Осы білім беру бағдарламасын бітірушілердің кәсіби қызмет саласы жылу энергиясын өндіру және қолдану, оның ағындарын басқару және энергияның әртүрлі түрлерін жылуға айнал-дыру үшін құрылған адам қызметінің құралдары, әдістері мен әдістерінің жиынтығын қамтитын технологияның ажырамас бөлігі ретінде жылу энергетикасы болып табылады.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Біліктіліктер мен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 30.12.2020 ж. №553 бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады (2024 жылғы 20 маусымдағы № 207 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып).
ББ түлегі ЖЭС (жылу электр станциясы), қаланың немесе ауылдың орталық жылу пунктінде (ОЖП), жеке компанияның немесе фирманың энергиямен қамтамасыз ету бөлімінде, жобалау және ғылыми-зерттеу институттарында, ауыз су және техникалық су дайындау цехтарында, қор-шаған ортаны қорғау жөніндегі жылу инспекцияларында, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жы-лу инспекцияларында жұмыс істей алады. ЖЭС пен қазандықтардың, қазандықтарын турбиналық және қосалқы жабдықтарын шығаратын зауыттарда, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергетикалық бөлімшелерінде мынадай:
- инженер-энергетик, инженер-конструктор, инженер-жобалаушы, бақылау-өлшеу аспапта-рының инженері, баптау және сынау жөніндегі инженер, метрология жөніндегі инженер, жөндеу жөніндегі инженер, стандарттау жөніндегі инженер;
- шеберхана бастығы (меңгерушісі), өндірістік зертхана бастығы (өндірісті бақылау бойын-ша), жабдықтарды пайдалану қызметінің бастығы, өндірістік бөлім бастығы, техникалық бөлім бастығы, цех бастығы, ауысым бастығы;
- бақылау шебері (учаске, цех);
- директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент);
- директор (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы), бас энергетик, бас диспетчер, бас инженер, бас конструктор.