1
Білім беру саласы
07 Материалдарды қысыммен өңдеу
2
Даярлау бағыты
6В072 Өндірістік және өңдеу салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В069 Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)
Берілетін дәреже
Техника ғылымдарының магистрі
Бағдарлама мақсаты
Тілдік құзыреттілігі дамыған және және кәсіби қызметте ІТ бағытын қолдану дағдылары тереңдетілген илемдеу және созу өндірісінің негізгі технологиялары бойынша теориялық білімі және практикалық дағдылары бар білікті мамандарды даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі классикалық инженерлік білімдерді заманауи цифрлық және интеллектуалдық шешімдермен интеграциялауда, сондай-ақ өңірдің нақты экономика секторымен тығыз байланысында көрініс табады. Бұл түлектердің жоғары сұранысқа ие болуын және болашақ индустриясының сын-қатерлеріне дайын болуын қамтамасыз етеді.
Білім беру бағдарламасы Қарағанды өңірінің және жалпы Қазақстанның металлургия және машина жасау салалары кәсіпорындары үшін мамандар даярлауға бағытталған. Оқыту қолданбалы және зерттеушілік тәсілдердің үйлесімі негізінде құрылып, терең теориялық білім мен берік практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Студенттер өндірістік тәжірибеден өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында өтеді, мұнда қысыммен өңдеудің заманауи әдістері қолданылады. Бағдарлама кәсіби, экономикалық және IT құзыреттерді қамтитын кешенді құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған, сондай-ақ білім беру, ғылым және өндіріс салаларына цифрлық және интеллектуалдық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылады.
Кәсіби қызмет саласы
Түлектің кәсіби қызмет шеңбері – өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыс; таптау және созу өндірістері саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Басшылардың лауазымдары: Бас технолог, Өндіріс меңгерушісі, Өндіріс жөніндегі ди-ректордың орынбасары (директор, вице-президент), Бақылау (учаскенің, цехтың) мастері, Учаске мастері, Өндірістік зертхананың (өндірісті бақылау бойынша) бастығы, Өндірістік бөлімінің бастығы, Ауысым бастығы, Техникалық бөлім бастығы, Цех (учаске) бастығы, Тәжірибелі өндірістің цех бастығы.
Мамандардың лауазымдары: Диспетчер; Инженер; Инженер-зертханашы; Өндірісті дайындау жөніндегі инженер; Инженер-технолог (технолог); Зертханашы; Кәсіби кеңесші; Директордың көмекшісі (референт, кеңесші).
Ғылыми және техникалық қызметкерлердің басшы лауазымдары, жалпы ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалық және іздестіру ұйымдары үшін: Ғылыми қызметкер; Кіші ғылыми қызметкер; Инженер, Зертханашы.
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
«Білім туралы» ҚР 24.10.2011 ж. № 487-IV Заңы;
-
«Жоғары және кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2025 жылғы 4 наурыздағы № 90 бұйрығы;
-
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы;
-
«Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы;
-
«Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы; - «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу ережесін, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығы;
-
КС: « Тау-кен металлургия кешеніндегі талдаушы-технолог» Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының міндетін атқарушының 22.08.2023 ж. № 128 бұйрығына № 19 қосымша.