1
Білім беру саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6В072 Өндірістік және өңдеу салары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
В072 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Берілетін дәреже
6B07209 – «Мұнай өңдеу өндірісінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша инженерия және технология бакалавры
Бағдарлама мақсаты
Мұнай және газ өңдеу технологиясы саласында мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі кәсіпорындарында тиімді жұмыс істеуге қажетті заманауи білімге, дағдыларға және құзыреттерге ие білікті мамандарды даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
6B07209 «Мұнайды өңдеу технологиясы» білім беру бағдарламасының бірегейлігі көмірсутектерді өңдеудің озық технологияларын ұсақ органикалық синтезге заманауи тәсілдермен, мұнай-химиялық шикізат пен фармацевтикалық заттарды өндіру технологияларымен және өнім сапасын бақылау әдістерімен біріктіруінде жатыр. Бағдарлама мұнай-химия, цифрлық технологиялар және ұсақ органикалық синтездің қиылысында жұмыс істей алатын, жоғары қосылған құнды өнімдерді жасау үшін Қазақстанның мұнай өңдеу өнеркәсібі үшін мамандарды даярлауға арналған.
Кәсіби қызмет саласы
Көмірсутек шикізатын өңдеу, химия және мұнай-химия өнеркәсібін, сондай-ақ отын, майлар, еріткіштер және басқа да терең өңделген өнімдерді өндірумен байланысты іргелес. Сонымен қатар бұларға фармацевтикалық өндіріс технологиясы мен органикалық қосылыстар синтезіне қатысты салалар кіруі мүмкін.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
- Сапа инженері
- Инженер-химик (мұнай және газ)
- Инженер-зертхана маманы (химия)
-Өндіріс бастығының орынбасары