Барлық мақалалар
Жасанды интеллект

100 мың қазақстандық студент ЖИ-кәсіпкерлікке оқып жатыр

15.05.2026 35
100 мың қазақстандық студент ЖИ-кәсіпкерлікке оқып жатыр

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылдың 28 сәуірінде үкімет отырысында AI-Sana бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол бағдарламаның мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жасанды интеллектті тереңдетіп зерделеу мақсатында іске қосылғанын еске салды.

«2026 жылдың 15 сәуірінен бастап «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен бағдарламаның екінші кезеңі іске қосылды. 100 мың студент Жасанды интеллект кеңесінің мүшесі Пол Ким әзірлеген бағдарлама бойынша ЖИ-кәсіпкерлікке оқып жатыр. Келесі кезеңдерде негізгі міндет — кемінде 1500 инновациялық жобаны қалыптастырып, оларды Astana Hub экожүйесінде одан әрі акселерациялау», — деп атап өтті Нұрбек.

Ведомствода хабарлағандай, AI-Sana бағдарламасының І кезеңі шеңберінде жасанды интеллектің базалық дағдылары курстарында оқушылар 673 мыңнан астам сертификат алды.

Дереккөз: https://www.zakon.kz/obshestvo/6516156-100-tysyach-kazakhstanskikh-studentov-obuchayutsya-iipredprinimatelstvu.html

Бөлісу:
KZ EN RU