Қазақстанда өңірлерде озық цифрлық шешімдерді енгізу, халықаралық технологиялық компанияларды тарту және әлемдік үздік тәжірибе алмасуды кеңейту жоспарлануда, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып.
ҚР
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен DEC40 өзара түсіністік
туралы келісімге қол қойды, бұл Smart region, Smart City, жасанды интеллект,
цифрлық экономика және өңірлердің инновациялық дамуы саласындағы ұзақ мерзімді
ынтымақтастықтың негізін қалады.
DEC40
— қалаларды, технологиялық компанияларды, ғылыми ұйымдарды және халықаралық
серіктестерді біріктіретін халықаралық ұйым, ол озық цифрлық шешімдерді
ілгерілетуге, әлемдік үздік тәжірибе алмасуға және ақылды қалалар саласында
бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Келісімге
қол қою Қазақстанға өңірлерді халықаралық Smart City экожүйесіне интеграциялау
және цифрлық технологиялардың жетекші әлемдік әзірлеушілерімен серіктестікті
дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктер ашады.
Ынтымақтастық
аясында Smart City, жасанды интеллект және цифрлық басқару саласындағы
шешімдерді енгізу, өңірлердегі жобаларды жүзеге асыруға халықаралық
технологиялық компаниялар мен инвесторларды тарту, сондай-ақ қалаларды цифрлық
трансформациялау тәжірибесімен алмасу көзделеді.
Сонымен
қатар, Қазақстан өкілдері халықаралық білім беру бағдарламалары мен
біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатыса алады. Тараптар бірлескен
іс-шаралар, сарапшылық сессиялар мен іскерлік миссиялар өткізуді де жоспарлап
отыр.
Алғашқы
практикалық қадамдардың бірі Қазақстанның Smart region және Smart City
саласындағы басым жобаларының тізімін қалыптастыру болады. Оларды DEC40
халықаралық қоғамдастығына технологиялық шешімдер, стратегиялық серіктестер мен
әлеуетті инвесторларды іздеу үшін таныстырады.
Сондай-ақ
тараптар осы жылы Астанада Smart City жөніндегі халықаралық форумды өткізу
мүмкіндігін қарастыруда. Ол өңірлік жобаларды таныстыруға, B2G және B2B
кездесулерін өткізуге, сондай-ақ заманауи цифрлық шешімдерді қаржыландыру және
енгізу тетіктерін талқылауға арналған алаңға айналады.
«DEC40-пен
келісімге қол қою Қазақстан өңірлеріне халықаралық технологиялық компаниялар
желісіне, әлемдік үздік тәжірибелерге және инвестициялық мүмкіндіктерге тікелей
қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз — заманауи технологияларды
енгізу ғана емес, сонымен қатар әрбір өңір халықаралық серіктестерді тарта
отырып, өзінің AI Native City жобаларын жүзеге асыра алатын жағдайлар жасау», —
деп атап өтті ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бақтияр
Мұхаметқалиев.