Тоқаев Қазақстанды жаңғыртудың негізгі факторларының бірін атады
Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуірде Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының
жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Сол кезде Президент жаппай
цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу елімізді жан-жақты жаңғыртудың
негізгі факторларының бірі саналатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның
цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітілетінін
айтты.
"Бәріңізге белгілі, биыл елімізде – "Цифрландыру
және жасанды интеллект жылы". Сондықтан алдымызда әлі де көп жұмыс бар.
Ширақ қимылдап, тұтас қоғам болып табанды еңбек етуіміз керек", – деді
Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде әлемнің аса жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, қазіргідей құбылмалы, дүрбелеңге толы заманда бәсекеге қабілетті ел болып, көш соңында қалмай, өркениетті елге сай өсіп-өркендей беру қажет.