11 ақпанда Қарағанды индустриялық университетінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кезекті конференция өтті. Бұл жоба жастар арасында оқуға деген мәдениетті насихаттауға, студенттердің рухани және интеллектуалды дамуын қолдауға, сондай-ақ маңызды әдеби шығармаларды талқылауға арналған ашық диалог алаңын құруға бағытталған.
Биылғы конференция қатысушыларының назарында Джеймс Клердің
«Атомдық әдеттер» атты кітабы болды — пайдалы әдеттерді қалыптастыруға және
біртіндеп өзгерістер арқылы айтарлықтай нәтижелерге жетуге арналған әлемдік
бестселлер. Іс-шара барысында қатысушылар автордың негізгі идеяларын талқылады,
оның ішінде: кіші қадамдар принципі, тұлғалық өсімге жүйелі тәсілдің маңызы,
күнделікті әрекеттердің ұзақ мерзімді табысқа әсері. Кітапта берілген
практикалық ұсыныстар мен оларды оқу, кәсіби және жеке өмірде қолдану мүмкіндіктері
ерекше қызығушылық тудырды.
Жобаның кураторы – Тлеуберген Қаршыға Ордабайұлы, университетте тұрақты оқырман ортасын
қалыптастырудың және жастардың сыни ойлау дағдыларын сапалы әдебиет арқылы
дамыту маңыздылығын атап өтті.
Құрметті қонақтар осындай кездесулердің оқуға қызығушылықты
арттыруға, көкжиегін кеңейтуге және студенттерде белсенді азаматтық позиция
қалыптастыруға маңыздылығын атап өтті. Олар қазіргі заманғы танымдық әдебиетті
оқу өзін-өзі ұйымдастыру, аналитикалық ойлау дағдыларын дамытуға және жеке
болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге ықпал ететінін ерекше айтты.
Конференция «Кітап оқитын
ұлт»
жобасын жүзеге асырудағы тағы бір қадам болып, кітаптың тұлғалық өсімнің
маңызды құралы және жас ұрпақ үшін шабыт көзі екенін тағы бір рет дәлелдеді.