11–14 ақпан аралығында Қарағанды индустриялық университеті қабырғасында дәстүрлі Ректор кубогы аясындағы футзал турнирі өтті. Турнирге көптеген қатысушылар мен жанкүйерлер жиналып, осы қыстың жарқын спорттық оқиғаларының біріне айналды. Жарысқа барлық курс студенттері қатысып, өз командаларын құрып, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Ойындар айналмалы жүйе бойынша өтті. Бұл әр
командаға барлық қарсыластарымен кездесіп, өз ойын шеберліктерін толық
көрсетуге мүмкіндік берді. Матчтар тартысты әрі әсерлі болды: командалар жоғары
қарқын, әдемі техника, ойластырылған тактика және нағыз командалық рух танытты.
Жанкүйерлер ойыншыларды белсенді қолдап, алаңда нағыз спорт мерекесінің
атмосферасын қалыптастырды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар
төмендегідей бөлінді:
1-орын – турнир бойы тұрақты әрі сенімді ойын көрсеткен «Шимсайд» командасы;
2-орын – жарқын шабуылдары мен нәтижелілігімен ерекшеленген «Бразилия»
командасы;
3-орын – мінез бен жеңіске деген жігер танытқан «Аякс» командасы.
Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар
анықталды. «Үздік шабуылшы» атағына шабуыл шебіндегі нәтижелі әрі белсенді
ойыны үшін Атажан Жанполат ие болды. «Үздік қақпашы» атағы ең күрделі сәттерде
командасын бірнеше рет құтқарып қалған Токтар Нұрлаулетке берілді.
Ректор кубогы аясындағы футзал турнирі спорттың
студенттерді біріктіретінін, командалық рухты дамытып, салауатты өмір салтын
насихаттауға ықпал ететінін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Фотогалерея