Қарағанды индустриялық университетінде «Қақтығыс жағдайында студентті қалай қолдау керек?» тақырыбында тренинг өтті.
Тренинг барысында келесі
өзекті мәселелер талқыланды:
— университет ортасындағы
қақтығыстың мәні;
— қақтығыстың пайда болу
себептері;
— студенттің басқа
студентті қалай қолдай алатыны;
— дұрыс тыңдау, сабыр
сақтау және эмоцияны фактілерден ажырату тәсілдері;
— қақтығыс туындаған
жағдайда қайда жүгіну керектігі.
Практикалық жаттығулар мен кейстер ұсынылып, психолог қызметі мен омбудсменнің жетекшілігімен студенттер қақтығыстан шығу жолдарын, қолдау көрсетуді және жағдайды конструктивті шешуге көмектесу тәсілдерін қарастырды.
Фотогалерея
Бөлісу: